Жақыныңа жанашыр бол: Симптомсыз науқастарды үйге жібермейміз
2020 ж. 17 маусым
913
0
Симптомсыз науқастарды үйге жіберу тәжірибесін қазір қолданбаймыз. Бұл туралы Ақтөбе қаласы инфекциялық ауруханасының мейірбикесі Анар Иманғазина мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.
Коронавирус вирусының симптомдары: дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың нашарлауы, құрғақ жөтел, әлсіздік, лоқсу. Көп жағдайда осындай белгілер болады. Егер де осы белгілердің біреуі пайда болса, дереу барып ПТР сынамасын тапсыру ұсынылады. Сынаманың нәтижесіне қарай ем-дом қабылдау керек, - деді Анар Иманғазина.
Мейірбикенің айтуынша, симптомсыз науқастар да карантиндік жағдайда дәрігерлердің бақылауында болады.
Қазір симптомсыз науқастарды үйге жіберу тәжірибесін қолданбаймыз. Себебі, қалада вирус өршіп тұр. Сондықтан да барлығы ауруханаға жатқызылады. Вирусты жұқтырып алмас үшін алдын ала сақтану шараларын ұстану керек. Маска киіп, адам көп шоғырланған орындарға баруды шектеп, үнемі жеке гигиена талаптары жағынан сақадай сай болу керек. Себебі, бұл вирус - ойыншық емес, - деді ол.
Анар Өміртайқызының айтуынша, сиптомды және симптомсыз науқастар жүйелік ем алады.
Олар жүйелі түрде ем қабылдап отырады. Қазір ауруханада вирусқа қарсы препараттар бар. Солар бойынша емдеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, сұйықтықты көбірек ішу керек. Жақсы тамақтану мен тынығу да аса үлкен маңызға ие, - деді ол.