Нұр-Сұлтан түбіндегі ауылда 12 жасар қызды зорлағандар ұсталды
2020 ж. 17 маусым
1289
0
Полицейлер Ақмола облысының Қараөткел ауылында 12 жасар қыз зорланғанын жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Кәмелетке толмаған қызға өткен жылдың желтоқсанынан осы жылдың маусымына дейін сексуалдық әрекет жасалған. Қылмыс Целиноград облысындағы Қараөткел ауылында болған", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қыздың анасы полиция бөліміне 13 маусымда арызданған.
Алдымен Қазақстан Қылмыстық кодексінің 122-бабы 2-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе басқа сексуалды сипаттағы әрекеттер жасау) бойынша іс қозғалған. Кейін оны Қылмыстық кодекстің 20-бабы 4-бөлігіне (зорлау) ауыстырды.
"Сол күні үш күдікті анықталды, олар 25-26 жаста, барлығы Целиноград ауданында тұрады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Тергеу жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Күдіктілер Целиноград ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысында отыр.
"Резонанс тудырған қылмысты тергеуді полиция департаментінің басшылығы бақылауына алды", - деп түйіндеді баспасөз қызметі.