Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 7 адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 7 науқас көз жұмды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Түркістан облысында 1945 және 1974 жылы туған ер азаматтар, Батыс Қазақстан облысында 1932 жылы дүниеге келген әйел және 1941 жылы туған ер адам, Қарағанды облысында 1949 және 1939 жылдары дүниеге келген ер азаматтар, Алматы қаласында 1965 жылы дүниеге келген ер адам коронавирус індетінен көз жұмды. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеді.

Қазақстан бойынша барлығы 88 адам қайтыс болды.

Олар: Нұр-Сұлтан қаласы – 15, Алматы қаласы – 13, Шымкент қаласы – 11, Ақмола облысы – 6, Ақтөбе облысы – 1, Атырау облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 6, Қарағанды облысы – 9, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 13, Түркістан облысы – 5 адам.