Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңға жуықтады
2020 ж. 15 маусым
690
0
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 14 809 ғадамға жетті, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
"Өткен тәулік ішінде 313 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,2% құрады", - делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 77 (2,9%)
- Қарағанды облысы - 47 (3,2%)
- Алматы қаласы - 31 (1,0%)
- Батыс Қазақстан облысы - 30 (3,2%)
- Шымкент қаласы - 26 (2,3%)
- Атырау облысы - 23 (1,8%)
- Солтүстік Қазақстан облысы - 15 (15,6%)
- Ақтөбе облысы - 12 (2,3%)
- Түркістан облысы - 11 (2,5%)
- Шығыс Қазақстан облысы - 10 (4,0%)
- Алматы облысы - 8 (1,6%)
- Жамбыл облысы - 8 (1,7%)
- Қызылорда облысы - 7 (1,4%)
- Павлодар облысы - 3 (0,9%)
- Қостанай облысы - 2 (0,9%)
- Ақмола облысы - 2 (1,0%)
- Маңғыстау облысы - 1 (0,3%)
Айта кетейік, республика бойынша 9 188 науқас дертінен айығып шықса, індет салдарынан 77 адам көз жұмды.