"Бақылап отырмақ": Қытай орбитаға спутнигін ұшырды
2020 ж. 11 маусым
1296
0

Қытай мұхиттарды зерттеу және бақылау үшін Haiyang-1 азаматтық спутнигін орбитаға ұшырды, деп хабарлады Қытайдың ғарыштық ғылым және технология корпорациясы (CASC).
Спутник бейсенбі күні «Тайюань» ғарыш айлағынан жіберілді.
Haiyang-1 негізінен мұхиттардың түсі мен температурасын, жағалау аймақтарындағы және теңіз аудандарындағы экологиялық өзгерістерді бақылау үшін, сондай-ақ табиғи апаттарды болжау және ескерту үшін қолданылады.