Атышулы видео режиссері пікір білдірді
2020 ж. 08 маусым
2024
0
Шымкентте мини-юбка киген қыз түскен даулы видеоға қатысты жедел брифинг өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласындағы "Талас FILM" киностудиясының режиссері Серік Таласов түсірген бейнеролик өткен демалыс күндері бүкіл Қазнетті шулатты. Онда қара қысқа юбка мен ақ топ киген жас қыз такси ұстап тұрады. Жас ханымға қара Mercedes жүргізушісі келіп тоқтайды. Жолда ер адам қызды сыртқы түріне байланысты жезөкше деп қабылдап, төсектегі қызмет құны туралы сұрайды.
Брифинг кезінде даулы видеоның режиссері Серік Таласов пікір білдірді.
"Видеоролик қате болуы мүмкін. Бірақ біздің мақсатымыз - қазақтың ұлттық тәрбиесін сақтау. Бейне осы мақсатта түсірілген. Білім бесіктен басталады. Менің үш қызым бар. Олардың болашағы мені қатты алаңдатады. Біз мәселені ашық көрсетіп, оны шешкіміз келді", - деді режиссер.
Сонымен қатар, бейнероликте оның Шымкент қаласының отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқармасының жастар ресурстық орталығының тапсырысы бойынша түсірілгені көрсетілген.
Жергілікті әкімдікте ролик мемлекеттік тапсырыс емес екенін атап өтті.
Шымкент қаласының отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Жандос Қалтаевтың айтуынша, ол видеороликті алғаш рет әлеуметтік желілерден көрген, бұған дейін сценарийді көрмеген.
Қалтаевтың айтуынша, қалада енді сценарийлерді, сәлемдемелерді және "месседжді" қарастыратын арнайы топ құрылады. Ол алдағы уақытта басқарма "құқыққа нұқсан келтірмеуді" қадағалайтын болады деп сендірді.
Бұл ретте жастар ресурстық орталығы "TALAS FILM" компаниясымен бұрыннан жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Оларға тіпті бірнеше видео түсіруге мемлекет қазынасынан 6 миллион 200 мың теңге бөлінген.
"Жастар ресурстық орталығы ғимаратында бірқатар ұйымдар мен түрлі шығармашылық бірлестіктердің кеңселері орналасқан, оның ішінде"Талас FILM" киностудиясы да бар. Бұған дейін аталмыш киностудия орталық логотипін насихаттау роликтерін түсіру кезінде пайдаланды. Бұл роликке мемлекет тарапынан қаражат бөлінген жоқ. Ол "TALAS FILM"киностудиясында өз қаражатына түсірілді. Роликтің соңында "қолдау" сөзінің орнына "тапсырыс" деп жазылған. Мұны байқағаннан кейін біз орталықтың логотипін алып тастадық. Біз мұндай материалдардың таратылмауын қатаң түрде қадағалаймыз. Біз әйелдердің құқықтарын, отбасылық құндылықтардың, балалар мен жастардың құқығын қорғауға тырысамыз, сондықтан ешқандай жағдайда жеке адамды сыртқы түрі үшін кемсітуге жол бермейміз", - деді Қалтаев.
"Біз көп жылдан бері жұмыс істеп келеміз, компанияда көптеген жақсы сценарийлер бар. Бәріміз адамбыз және бізге қателесу тән. Сондықтан осы бейнероликке призма арқылы қарастырудың қажеті жоқ", - дейді отбасы, балалар мен жастар істері басқармасының басшысы.
Жандос Қалтаев әлеуметтік желілердің пайдаланушыларына да жауап берді.
"Басшы ретінде отбасы, балалар мен жастар істері басқармасының әлеуметтік желілерде таралған роликтерге қатысты, жас қыз бен жүргізуші арасындағы диалог әйел адамның сыртқы түрі бойынша тіл тигізуге негіз болған жол берілмейтін сценарийге қатысты ресми ұстанымын білдіремін.
Біздің мемлекеттік орган ретіндегі іс-әрекеттеріміз әйелдерге, балалар мен жастарға қатысты кемсітушіліктің кез келген түрін болдырмауға бағытталған: ұлтқа, сенімге, әр азаматтың жынысына сәйкес, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты көрсетілген", - деді ол.
Басқарма басшысының сөзінше, бұл роликтің сценарийі келісуге түспеген. Ал бейнероликті Инстаграмдағы жастар ресурстық орталығының ресми парақшасына жариялау фактісі қоғаммен байланыс бөлімінің жауапты тұлғаларының басшылығымен келісілмеген.
"Алдағы уақытта мазмұны бойынша дұрыс және сапалы материалдардың шығарылуын қатаң бақылаймыз.Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығы қызметтік келісім бойынша бұл материалды қабылдамады және меншік құқығын бермейді. Жағдайдың маңыздылығын түсіне отырып, оқиға өнім жасауға қатысқан барлық мүдделі тұлғалар үшін сабақ болатынына сенімдімін", - деді Жандос Қалтаев.
Ол кешірім сұрап, алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу үшін барлық шараны қабылдайтынын жеткізді.