Кедендік Одақ ісінде ұлттық мүддені ұмытпауға шақырды

Ресейлік серіктестеріміздің салық ставкаларын үйлестіру жөніндегі ұсыныстары өз өндірушілерін қолдау және қазақстандық салық жүйесінің басымдылығын жою мақсатын көздеп отыр – деп мәлімдеді Азат Перуашев үстіміздегі жылдың 5 желтоқсанында өткен Мәжілістің пленарлық отырысында ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовтің атына жолданған депутаттық сауалында. Бізге де өз еліміздің ұлттық экономикасының мүддесінен шығуымыз керек. «Кедендік одақ құрылған сәттен бастап, үйлесімділік процестері ең әуелі  кедендік тарифтер және техникалық реттеулер салаларына қатысты екені, ал либералдық салық жүйесі Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістікте Қазақстандық кәсіпкерлердің бәсекелестік басымдылығы болатыны айтылып келеді» - деді А.Перуашев. Алайда, сауалда көрсетілгендей, Еуразиялық экономикалық комиссиясымен ұлттық салық жүйесіне ықпал жасау жөнінде, оның ішінде  - акцизделуге тәуелді тауарлардың акциздік ставкаларын көтеруге белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның үстіне,  басқа салық түрлері бойынша да және қазақстандық салық жүйесінің басымдылығын жоққа шығару әрекеттері жалғастырыла береді деген сигналдар түсуде. Ресейлік БАҚ-да акциздер бойынша ғана емес,  ҚҚС ставкасына да үйлесімділіктің қажет екендігі қазірден талқылануда. Бұл шешімін тапқан мәселе ретінде беріліп отыр, соның аясында БЭК-тің ұлттықтардан жоғары тұрған органдары олар ұлттық заңнамаларда болуына «рұқсат еткен» ұйғарынды ауытқуларды ғана талқылауға жиналады. Депутат мысал ретінде Бірыңғай экономикалық комиссияның ресми сайтындағы «Кедендік одаққа мүше-мемлекеттерде ҚҚС ставкаларының ауытқуының ұйғарынды деңгейлерін белгілеу және оларды жақындастыру бойынша ұсыныстар жасап шығару» деген тақырыпта зерттеулер жүргізу туралы хабарламаны келтірді. Депутаттың ойынша, қазіргі теңгерімді жоғалтып алған жағдайда қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның өз аумағында да күрт төмендейді. Сонымен қатар, ресейлік салық жүйесінің тек қатайту факторлары (салық салу ставкаларын күрт көтеру түрінде) алынып пайдаланылуы да қауіп тудырады, ал Қазақстандағыдан әлде қайда либералды   салықтық әкімшілендіру тәжірибесінің үлгілері жайдан-жай еленбей қалуда. Мәселен, Ресейде «Жалған кәсіпкерлік» бабы әлдеқашан алынып тасталған; салық даулары бойынша талап мерзімі 3 жылға дейін қысқартылған (Қазақстанда – 5 жыл); салық кодексі нормаларына ресми түсініктеме беру құқығына ие мемлекеттік орган белгіленген (бізде кез-келген түсініктеме беру, тіпті Республиканың салық комитетінің төрағасының қолы қойылған болса да, ресми болып табылмайды, бұл алдында тексерілген мерзім бойынша  қосымша есептеулер мен айыппұлдар төлеуге әкеледі) және т.б. «Үлкен өкінішке қарай, «Ақ жол» партиясы депутаттарымен ұсынылған осыған ұқсас бірнеше түзетулері салық кодексіне өзгертулерді талқылау кезінде заң жобасын жасаушы Қаржы министрлігімен  қабыл алынбаған.  Сонымен, келтірілген мысалдарға сәйкес Ресейден айырмашылығымыз,  бізде бұрынғы деңгейде сақталынған артық мөлшердегі салықтық әкімшілендіру қосымша салық салудың жасырын түрі болып отыр», - деп атап өтті парламенттік оппозициясының басшысы. «Ақжолдықтар» Ресейлік серіктестеріміздің салық ставкасын үйлестіру жөніндегі ұсыныстары өз мақсаттарын көздеп отыр деп есептейді, атап айтқанда: өз өндірушілерін қолдау және Ресей бизнесінің Қазақстаннан кетуін тыю. ҚҚС-тың неғұрлым жоғары ставкасы (18%), кезінде Ресей федералдық бюджетінің кірісінің құрылымында ҚҚС үлесі 2010 жылдан 2011 жылдар ішінде  30,1 пайыздан 28,7 пайызға дейін төмендеген, дәл осы уақытта Қазақстанның мемлекеттік бюджеті түсімінің құрылымында  12 пайыздық төмен ставка кезінде ҚҚС үлесі керісінше елеулі өскен. Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясының депутаттары үкіметке келесі ақпараттарды беруді сұрайды: - Еуразиялық экономикалық комиссияның салықтарды үйлестіру жөнінде  зерттеу жүргізулеріне және ҚҚС ставкаларының ауытқуының ұйғарынды деңгейлерін белгілеуіне ҚР Үкіметі немесе оның өкілдері келісім берді ме? - Үкіметпен Кедендік одақтағы басқа елдермен үйлестіру аясында ҚҚС-ты көтерудің қандай кезеңдері және ставкалары жоспарлануда? (егер ондай жоспарлар бар болса); - Ресей Федерациясының бір қатар оң тәжірибесі бойынша біздің елімізде салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі шаралар жоспарлануда ма?(егер ондай жоспарлар бар болса). «Ақ жол» депутаттары интеграция процесі тек іскерлік ахуалды жақсартатын нормаларды ғана үйлестіруі қажет екеніне сенімді және үкіметті Қазақстанның ұлттық экономикасының мүддесінен шығатын салық саясатын құруға шақырады. «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды платформасын және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.

«Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі

www.ult.kz