«Шаңырақтың» авторы шаңырақсыз қалды… Режиссерді ұл-қыздары далаға тастады…

3
1294

Бейнетінің зейнетін көрмеген кино майталманы! «Шаңырақ», «Ұлтуған» сынды көркем туындылармен танымал болған кинорежиссер Едіге Болысбаев көше кезіп жүр. Алпысты алқымдаған азаматтан бүгінде ағайын-туыс, дос-жаранның барлығы теріс айналған.

Бұл – Едіге Болысбаевтың шығармашылығы шарықтау шыңына шыққан сексенінші жылдардың басында түсірген туындысы. «Шаңырақ» фильмі арқылы қалың көрерменге танылған режиссер. Бірақ  отандық кино десе ішкен асын жерге қоятын азаматтың жеке өмірі өзі түсірген кинодағыдай керемет емес екен. 3 жыл бұрын жұмыстан шағарылып, кейін әйелімен ажырасқан. Содан бері кино майталманының мекені мына белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған орталық.
Гүлнар Сүлейменовна, Бейімдеу орталығы директорының орынбасары:

– Болысбай Едіге бірінші рет 2012 жылы наурыз айында келіп түскен. Өзімен бірге қызметтес әйелі алып келді. Екінші рет 15-ші қаңтарда бір қыз қоңырау шалды. Фурманов Әль-Фарабида трубада бір адам жатыр деп. Біз барып алып келдік.

Қақаған қыста қатып өліп қала жаздаған режиссерді орталық қызметкерлері жуындырып, таза киім берген. Екі жыл өтсе де қарияны іздеп келген жан болмады дейді олар. Енді ақсақалдың итке берсе жегісіз тағамды талғажау етуден басқа амалы жоқ.

Едіге Болысбаев:

– Мына жерде қандай тамақ берсе де үйдің тамағымен салыстыруға келмейді. Үйдің тамағынының дәмі де, иісі де бөлек. Себебі бала-шағаңмен, бәйбішеңмен отырасың.

Алматы облысының тумасы 5 ағайынды. Екі қызы бір ұлы бар. Бірақ басынан бағы тайған Едігеден бәрі бір-ақ күнде айналып кетіпті. Қазір тіпті есігінен сығалатпайды.

Қырық жылдан астам қызмет еткен «Қазақфильм» киностудиясы да қарияны қақпадан асырмайтын көрінеді бүгінде. Қоржынында 100-ге жуық қысқа метражды және 8 көркем фильмі бар Болысбаев болса әлі күнге кинодан үмітін үзген емес. Бірнеше сценарий да жазып қойыпты. Мүмкіндік берсе әлі талай белесті бағындыратына сенімді.

КТК

*Тақырып өзгертілді

3 ПІКІРЛЕР

  1. Журегім ауырды,бұл кісі қандай болсада әкелері емес пе?Қалайша мұндай күйге түсті екен…?Алла жар болсын аға!

  2. Әттеген-ай, көмек бергім келеді, бірақ жалғыз өзімнің қолым қысқа. Едігенің көрермендері қосылып жағдай істесеғой, азаматқа!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз