Алматыда маска тақпаған адамдарға айыппұл салынады
2020 ж. 26 мамыр
1213
0
Алматыда маскалық режимді сақтамаған тұлғаларға айыппұл салынуы мүмкін. Алматыда өткен онлайн брифинг барысында бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қалада толығымен маскалық режим жарияланған. Әзірше халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Маскалық режимнің маңыздылығы жоғары. Себебі, бұл инфекцияның одан әрі өршуіне кедергі келтіреді. Әсіресе автобустар мен халық көп шоғырланған жерлерде талап етіледі», - деді Ерлан Қожағапанов.
Қала әкімінің бірінші орынбасары маска кимеген тұлғаларға қатысты қандай шара қабылданатынын айтты.
«Қазір әкімдік өкілдері мен полиция қызметкерлері тиісті инструкция алды. Эпимедиологиялық ахуал ушығатын болса, маска кимеген азаматтарға айыппұл салатын боламыз. Бұл жерде ҚР ӘқбК қолданатын боламыз», - деді Е.Қожағапанов.