Өткен тәулікте 209 адам коронавирус жұқтырды
2020 ж. 25 мамыр
784
0
24 мамыр cағат 23:59-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте 209 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Өсім 2,5% құрады.
Аймақтар бойынша: Алматы қаласы – 37 (1,7%) Қарағанды облысы – 33 (5,9%) Жамбыл облысы – 33 (12,7%) Нұр-Сұлтан қаласы – 32 (2,0%) Батыс Қазақстан облысы – 28 (7,3%) Атырау облысы – 12 (1,4%) Павлодар облысы – 10 (5,6%) Ақтөбе облысы – 6 (2,2%) Қызылорда облысы – 6 (2,1%) Алматы облысы – 4 (1,4%) Шығыс Қазақстан облысы – 4 (6,5%) Қостанай облысы – 2 (1,7%) Ақмола облысы – 1 (0,7%) Маңғыстау облысы – 1 (0,6%)
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 8531.