Ерұлан Жамаубаев ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Ерұлан Жамаубаев1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және кредит», 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі».