Тоқаевтың атынан жалған аккаунт ашылған
2020 ж. 15 мамыр
1021
0
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук әлеуметтік желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жалған аккаунт ашылғандығы туралы хабарлады.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунттар мен парақшалар бұған дейін де көп болған. Бола беретін де шығар. Әлеуметтік желілерде ашылып жатқан мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ. Өзіңіз айтып отырғандай, Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген. Ал Фейсбукта Мемлекет басшысының атынан тіркелген барлық аккаунттар мен парақшаларға сенбеуге шақырамын - делінген Берік Уәлидің жазбасында.