ҚХА: Отанды қорғау – құрметті міндет
2020 ж. 06 мамыр
2745
0
Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық отан қорғаушы азаматтарды мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Еліміздегі этносаралық келісімнің институтына айналған ұйым бұл мереке – Қазақстан Қарулы күштеріне халықтың зор құрметін көрсетеді, ел тұрғындарының әскери қызметке сенімін нығайтып, азаматтық борыш пен әскери міндеттің мәртебесін арттыратынан жеткізді.
- Біздің тарихымыз шынайы патриоттық сезім мен әскери ерліктің, қайтпас қайсарлық пен батылдықтың үлгісіне толы. Барлық уақытта мемлекет пен халық алдындағы борышын адал атқарып жүрген батырлар бейнесі ерекше мақтаныш пен құрмет-беделге ие. Мыңдаған батырдың есімі халық жадында мәңгі сақталып қалды. Отанды қорғау – құрметті міндет. Төтенше жағдай жарияланған бүгінгі таңда да әскери қызметшілер еріктілермен бірлесіп, карантинге қарсы күресте өз бастарын қатерге тігіп, алдыңғы сапта жүр, - делінген құттықтауда.