"Ақ жол" жүйе құраушы кәсіпорындардың жаңа өлшемдерін ұсынды
2020 ж. 29 сәуір
1212
0
«Ақ жол» партиясының депутаттары Премьер-Министрге Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген Тізімінің күшін жоюды және жүйе құраушы кәсіпорындардың басқа өлшемдерін ұсынды.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
А.Ұ.Маминге
Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!
«Ақ жол» Демократиялық партиясы ел басшылығының дағдарысты еңсеру жолындағы әрекеттерін қолдайды. Оның ішінде бизнесті қолдау қадамдарын ерекше бағалайды. Тұңғыш Президентіміздің дағдарыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру жөніндегі тапсырмалары республиканың одан әрі дамуына бағытталғанын айқындайды.
Сондай-ақ, Президент Қ.Тоқаев дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде атап өткендей, мемлекеттік органдардың жұмысында, оның ішінде жүйелік қателіктер орын алған.
Осыған орай, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің ТЖ жөніндегі Мемлекеттік комиссиясына ұсынған жүйе құраушы кәсіпорындар Тізімі жобасы қоғам мен Парламент депутаттары тарапынан қатаң сынға ұшырады.
«Ақ жол» партиясының атына еліміздің көптеген кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы саласы және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, азық-түлік, киім-кешек, балалар, медицина және гигиена тауарлары мен жеке қорғаныс құралдары өндірісі салаларының, яғни, бірінші кезекте қажет тауарлар өндірісінен бірде-бір кәсіпорынның неліктен Тізімге кірмей қалғаны туралы сұрап, жүгінуде.
Тізім жобасы тиісті министрлікте экономикалық процестер туралы жан-жақты түсініктің жоқтығын көрсетеді. Шындығында - бұл салалық монополистердің, яғни олардың бәсекелестерін есептемегендегі тізімі. Мысалы, құрылыс магнаттары басым болғанымен, тізімге бірде-бір құрылыс материалдарын өндіруші ілінбеген.
Тізімге барлық автоқұрастырушылар енгізілген сияқты болғанымен, Қазақстанда ең бірінші болып автокөлік жинауды бастаған және толық циклды өндіріс кешенінің құрылысын салып жатқан Өскемен зауыты кірмеген.
Құрылысшылар Одағының мәліметтері бойынша Тізімге үстеме компаниялармен үлестес емес сегіз жетекші кәсіпорын кірмей қалған.
Ал, ең бастысы қоғамға министрліктің кәсіпорындарды таңдауда, әрине, өздерінің жеке таңдауларынан басқа қандай өлшемдерді басшылыққа алғаны түсініксіз.
Бұған дейін, 2011 жылы Үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасының тәжірибесі негізінде экономкалық даму, индустрия, қаржы және ауыл шаруашылығы министрліктерінің «Жүйе құраушы кәсіпорындарға қатысты өлшемдерді бекіту туралы» бірлескен бұйрығы қабылданған болатын.
Осы бұйрыққа сәйкес, оған орта немесе ірі бизнеске қатысты, өнеркәсіп өндірісі және қызмет көрсету саласындағы жалпы көлемі кем дегенде 0,1% құрайтын кәсіпорындар жатады.
Басқаша айтқанда, әр аймақ пен сала үшін өзіндік жүйе құраушы кәсіпорындар таңдалуы керек.
Ұлттық экономика министрі бұл тәсілдер туралы шынымен білмейді ме?
Мұның орнына, ол Тізімге Ұлттық компанияларды, негізінен мемлекеттік тапсырыстардан пайда табатын кәсіпорындарды енгізген. Онсыз да бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорындарға мемлекеттік артықшылықтарды енгізу қаншалықты тиімді? Одан да ашық бәсекелестікте жұмыс істейтіндерді қолдау дұрысырақ шығар?
«Ақ жол» ҚДП фракциясы мемлекеттік жеңілдік шараларын кеңейтіп, оған:
- жай ғана кейінге қалдыру емес, кәсіпорындар мен азаматтарға несие беру. Егер бұл қазір жасалмаса, қазан айында несиені шегіндіру аяқталған кезде, бұл мәселені шұғыл түрде шешуге тура келеді;
- бизнес пен халыққа арналған банктік несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету мақсатында Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін 5-7% дейін төмендету (біздің ағымдағы жылдың 11 наурыз және 5 сәуірдегі депутаттық сауалдарымызда талап етілгендей);
- экономианы қалпына келтіру кезінде, мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу аясында заңнамалық босатулар енгізу, ЕЭА елдерінің бизнесіне кіруді шектеу және нарықта тек қазақстандық өнімдерді қалдыруды қосу керек.
Аталған Мемлекеттік комиссия отырысында Үкімет тарапынан жүйе құраушы компаниялардың жауапты міндеттері туралы мәселенің көтерілуі өте әділ деп санаймыз. Алайда, Ұлттық экономика министрлігі ұсынған Тізімде мұндай міндеттер тізімі сенімсіздік танытады.
Кәсіпорындар жауап ретінде жұмыс орындарын сақтау, отандық тауарларды сатып алудан бөлек, бағаларды нақты төмендету, оның ішінде: құрылыс нысандары мен тұрғын үй бағаларын, коммуналдық қызметтер мен әуебилеттері тарифтерін төмендетуге, сауда алаңдарын жалға беру бағаларын арзандату және басқа да міндеттерді қосуы керек деп санаймыз. Егер компания қоғамның мұндай мұқтаждарын орындауға дайын болмаса – яғни, ол кәсіпорын мемлекеттік қолдауға аса мұқтаж емес. Мысалы, құрылыс компанияларына тікелей қолдау көрсеткеннен гөрі, тұрғын үйге мұқтаж адамдардың ипотекалық несиелерін субсидияландыру әлдеқайда дұрыс болар еді.
Қаржының шектеулі екенін ескере отырып, мемлекет үшін монополиялық алпауыттардың кірістері немесе миллиондаған азаматтарды кедейшіліктен қорғаудың қайсысы маңызды екенін анықтап алайық. АҚШ және Еуропа елдері осындай жағдайларда корпорацияларды емес, шағын және орта бизнесті құтқаруда, өйткені орта тап - қоғам болып саналады.
Тізім жобасы төңірегіндегі қызу пікірталас экономика ғана емес, еліміздің де өзгергенін көрсетеді. Бұл шындық, мұнымен мемлекеттік органдар мен министрлердің санасуына тура келеді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы:
1) ҚР Ұлттық Экономика министрлігі әзірлеген Тізім жобасын талқылаудан алып тастуды;
2) Тізімді Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев, сондай-ақ ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмалары мен критерилеріне сәйкес қатаң қалыптастыруды;
3) Тізім негізіне еліміздің өңірлерінің ұсыныстарын алуды;
4) Бизнестің жауапты қадамы ретінде көрсететін міндеттерінің тізімін қайта қарауды;
5) Ұлттық экономика министрлігі лауазымды тұлғаларының жоғарыда көрсетілген құжатты қате әзірлегені үшін жауапкершілігі туралы мәселені қарауды сұрайды.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы