Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында әуе рейстері қалай жүргізіледі

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында әуе тасымалдаушылар ағымдағы жылдың 1 мамырынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында ұшуды қайта бастауға дайын.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлады.

Күніне 4 рейстен болады, оның ішінде 2 рейсті "Эйр Астана", 1 рейсті "Fly Arystan" және 1 рейсті "SCAT" әуе компаниясы орындайды.

Әуе акомпаниясы Кесте ӘК түрі/ сыйымдылығы
1.    Эйр Астана 1.Алматы (06:55) – Нұр-Сұлтан (08:40) (Рейс КС-951) Нұр-Сұлтан (09:40) – Алматы (11:20) (Рейс КС-952)   2. Алматы (19:45) – Нұр-Сұлтан (21:30) (Рейс КС-855) Нұр-Сұлтан (22:30) –  Алматы (00:10) (Рейс КС-856)   Embraer 190/ 108 орын
2. Fly Arystan Нұр-Сұлтан (10:50) – Алматы (12:30) (Рейс KCX-7056) Алматы (13:00) – Нұр-Сұлтан (14:40) (Рейс KCX-7055) Airbus 320/ 180 орын
3. SCAT Алматы (09:00) – Нұр-Сұлтан (11:30) (Рейс DV-713)   Нұр-Сұлтан (12:30) – Алматы (15:00) (Рейс DV-714) Boeing 737/ 144 орын

Билеттер бүгіннен сатыла бастайды. Әуе компаниялары олардың бағасын рейстер тоқтатылғанға дейінгі деңгейде сақтауға міндеттеме алады. Әрі қарай жағдай жақсарып жатса, рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қаралады.

Ұшулар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Көліктегі бас санитарлық дәрігері бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырылады. Олардың негізгілері мыналар:

- жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың қолданылу мерзімі - берілген күннен бастап 7 күн);

- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);

- термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау;

- әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген негізде залалсыздандыру.

Санитарлық қауіпсіздік талаптары бойынша аталған рейстерде бортта тамақ берілмейді.

Аталған бағыттарға ұшатын азаматтар коронавирус инфекциясына тестті өз қаражаты есебінен ақылы негізде жасататынын айта кету керек. Тест өтуге болатын зертханалардың мекенжайлары мен телефондары:

  1. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы: Желтоқсан көшесі 46, тел. 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172) 59-00-77.
  2. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы: Жібек Жолы көшесі 3, тел. 8 (7273) 82-35-65, 8 (727) 259-00-77.
  3. «Олимп» КДЗ Нұр-Сұлтан қаласында: Республика даңғылы 2/1, Гёте көшесі 3, Б. Момышұлы даңғылы 16, Абылай-хан даңғылы 12/1, Е-10 көшесі 2 үй, Манкент 2 көшесі (мобилді пункт). Тестілеу 8701 961 7008 телефонымен алдын ала жазылу арқылы ғана жасалады (смс мәтін WhatsApp)
  4. «Олимп» КДЗ Алматы қаласында: Медеу ауданы – Халиуллин к-сі 32, Сейфуллин к-сі 549, Жандосов к-сі 1В; Алмалы ауданы – Байзақов к-сі 221/155, Гагарин к-сі 236б.  Тестілеу 8701 961 7307 телефонымен алдын ала жазылу арқылы ғана жасалады (смс мәтін WhatsApp)
  5. «INVIVO» зертханасы Алматы қ-сы: Қарасай батыр к-сі 123, Call-center: 8 727 258 83 83, 8 778 769 38 81

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасындағы рейстер тоқтатылғанға дейін күніне 17 рейс ("Эйр Астана" - 9 рейс, "SCAT" - 3 рейс, "Qazaq Air" - 2 рейс, "Fly Arystan" - 3 рейс) орындап келді.