Нұр-Сұлтанға Үрімшіден гуманитарлық көмек жеткізілді

2020 жылғы 24 сәуірде ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Үрімшіден (ҚХР) Нұр-Сұлтанға медициналық жүк жеткізілді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

Медициналық бұйымдарды Қытайдың бірқатар провинциялары, мемлекеттік органдары және компаниялары жолдады.

Медициналық жүк маска (131500 дана), қолғап (10900 дана), термометр (100 дана) және арнайы қорғаныс киімдерден (720 дана) тұрады. Бұл гуманитарлық көмек Қазақстан мен Қытай халықтарының берік достығының анық айғағы.

Гуманитарлық жүкті мемлекеттік органдар мен мекемелерге тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды.