Ақмола облысында сарбаз атылып өлді
2020 ж. 23 сәуір
1282
0
Ақмола облысы Степногорск қаласында сарбаз атылып өлді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"22 сәуірде сағат 7:30 шамасында № 3517 әскери бөлімінде (Степногорск қаласы) мерзімді әскери қызметтегі қатардағы Б.А. Рашев есімді сарбаз түзету мекесемінде қарауылда болған. Онда ол өзіне қарумен оқ атқан. Оқ басына тиіп, сарбаз алған жарақатынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.