ШАХАНОВ жапқан ШАПАН Ұлт жолында жүрген ұл мерейін асырды

3
1482

Ақын болу оңай деймісің қарағым,

Аузында болу сыздаған әрбір жараның…

Ұлы ақын Төлеген айбергенов айтқан осы бір сөздің мәнісіне тереңінен баратын болсақ, өмірдегі барлық жақсы-жаманды жүрегінен өткізетін ақын деген қауымның жеңіл күн кешпейтін білеміз. Жаны таза адамға ғана үлкен шығармашылық шабыт орнап, өмірлік дүниелердің иесі болатыны табиғи заңдылық. Мұның себебін талқылап айтып жатудың аса қажеті болмас. Тазалық, әсіресе жан тазалығы қай кезде де ең алдыңғы қатарда. Әңгіменің тұздығын бұлай бастауымыздың себебі жаны таза, ары биік тұратын дарынды ақын ағаларымыздың бірі Қазыбек Иса. Бұл есім қазаққа кеңінен танымал тұлғалы азаматтың қалыптасқан болмысының айғағы. Ақындық арлы жолда тұрып, халқы үшін, болашақ ұрпақпен елдің кемел келешегі үшін талай жерде өзінің перзенттік борышымен қазақ ұлтына деген адалдығын танытқанын тарих әлі айтады. Мұндай ағалардың жасаған істеріне бүгін толық баға бере алмаймыз. Қазіргі ұлттық идеологияны жүргізумен оны сақтап қалу жолында біршама жұмыстар жасалуда. Сол жолда түрен салып,  дара мінезбенен ұлттың ұстыны болудың негізі болған Мұхтар Шаханов екені даусыз. Ал, сондай атпал азаматпен бірге тыныстап, аянбай ұлт үшін еңбек етіп жүрген де сол ақын аға, азамат аға Қазыбек Иса.

Жыл өткен сайын жас қосып кете береміз. Осы бір өмірдің ағысы Қазыбектей ағамызды 50 жастың белесіне шығарыпты. Басы аман әрбір адам тағдырына жазылған дәм-тұзына мөлшеріне сай түрліше жастарға келе береді. Бұл ретте Қазыбек Исаның 50 жасқа толуы орны бөлек оқиға. Туған елі оңтүстік жұрты Қазыбек Исаның 50 жас мерейтойын ерекше көңіл-күймен атап өткенінде, біз де марқайып қалдық. Бұл мерейтойлық сапарға, елге есеп беруге Қазыбек Исадай ақын інісін Мұқтар Шаханов, Дулат Исабеков, Темірхан Медетбек, Көпен Әмірбек секілді әйгілі ағалары бастап барды. Аудан-аудандарда поэзияға бей-жай қарамайтын елдің жасы мен жасамысына дейін кезекке тұрып, мерейтойы иесінің өлеңдерін сағаттап жатқа айтқанын естігенде, өнердегі бақыт осы екен-ау деп таңдай қақтық. Елден арқа-жарқа қуанышпен қайтып, ел бақытына бөленген ақынның мерейтойы өнердің қаласы Алматыда да дүркіреп өтті. Жамбыл атындағы филормонияға симай далада қалған жүздеген жырсүйер қауымға куә болдық. Сондай шаралардың бірі Мұхтар Шаханов басқаратын «Жалын» журналында да өтті. Басылым ұжымы мен оқырмандарымен бірге зиялы қауым да қатысқан  кездесуде қазіргі ұлттық, тілдік мәселелелер кеңінен талқыланды. Журнал ұжымы жайған мерейтойлық дастархан басында айтылған әсерлі әңгімелердің соңынан Мұхтар Шаханов ұлттық мүдде жолындағы күрескер ақын Қазыбек Исаның иығына шапан жауып, азамат інісінің ұлт үшін жасаған істері кейінгі жастарға үлгі екенін атап өтті. Сөз алған Қазыбек Иса да Шахановтың жапқан шапаны елу жасындағы ең елеулі тарту екенін айтып, ағасы мен журнал ұжымына жүрекжарды алғысын білдірді. Ақынмен болған бұл әсерлі кездесу  біздің жүрегімізді тебірентпей қоймады. Біз бұл жазбамызда Қазыбек  Иса ағаның бір қырын ғана жаздық.

Қорытындылай айтырымыз ұлт үшін, Қазыбек ағадай аянбай халық үшін еңбек етсек, еңбегіміздің жерде қалмайтынын  ұқтық.

 

Еркінбек Серікбайұлы

 

 

 

 

 

3 ПІКІРЛЕР

  1. Комментімде қателер кетіпті. Қуаныш ағамыз дұрыс айтады.Иә, қазір ұлт мүддесі жолында жүрген саңлақтар санаулы ғана. Солардың бірегейі Мұқтар аға мен Қазыбек Иса ағаны біз де қуана қолдаймыз. Мерейлеріңіз үстем болсын!

  2. Қуаныш ағамыз дұрыс айтады., иә, қазхір ұлт мүддесі жолынжа жүрген саңлақтар санаулы ғана. Солардың бірегейі Мұқтар аға мен Қазыбек Иса ағаны біз де қуана қолдаймыз.

  3. Қазыбек інімізді сыртынан танимын.Ондай қазақтың күйін күйіттеп, қамын ойлар жүрген біздің қазақта шыншыл ,тура сөйлейтін жорналистер ілеуде біреу. Алла о кісіге мықты денсаулық беріп ғұмыр жасын ұзақ қылсын.Ал Мұқтар ағамызға келсек о кісіні өте жақсы білемін, әсіресе анау 2007 жылдары «Ұлт тағдыры» партиясын ашқан кезде жанында жүрдік , бір жеңнен қол, бір жағадан мойын шығарайық дегендей,Бірақ ана билік басындағылар «Ұлт тағдырынан» сескенді ме, кім білсін, әйтеуір бұл партияны тіркемей қойды-ғой. Біраө әлі қазаққа Күн туатын күн келеді. Сонда көреміз бүгінгі күннің өңшең «көлеңкелеріне» қайда жоғалып кеткенін! Жаса Мұқтар, Жаса Иса – сияқты нағыз қазақ АЗАМАТТАРЫ!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз