Ақжолдықтардың ауқымды істері

0
817

 

Жақында Алматы қаласында «Ақ жол» партиясының Алма­ты қалалық филиалының кон­ференциясы өтті. Конференцияға 65 делегат шақырылып, оның 57 делегаты тұрақты қатысты. Кон­фе­ренция жұмысына – «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Тұр­лыбекұлы Перуашев, ОК Пре­зидиум мүшелері – Бөріхан Нұр­мұхамедов, ОК ұйым­дас­тыру – бұқаралық жұмыс жөніндегі хат­шысы Абдыразақ Сұлтанов, ОК Идеологиялық үгіт-насихат жө­нін­дегі хатшысы Сәбит Байдалы, ҚР Парламенті Мәжілісінің де­путаттары – Никитин­ская Ека­терина, Алмас Тұртаев, Нұрлан Жазыл­беков қатысты. Бұдан бас­қа, кон­ференция жұ­мысына кә­сіп­керлік саладан, қоғамдық ұйымдардан, ЖОО-ы және БАҚ өкілдері қо­нақ ретінде шақы­рылды.
Конференция Партияның 10 жылдық тарихына арнайы жарық көрген «Ақ жол» партиясы құ­жаттарда» атты кітаптың І-томы­ның тұсаукесерімен ашылды. Кітаптың мазмұны 2002 жылмен 2005 жылдардағы партиялық құ­жаттамалық жинақтармен қам­ты­латыны таныстырылды.
Әрі қарай, Партияның ОК Пре­зидиумының кеңейтілген оты­рысымен жалғасты. Онда Елбасы­мыз Н.Назарбаев­­тың «Қазақ­стан–2050» Страте­гиясы» Қазақ­стан халқына Жол­дауы кеңінен тал­қы­ланды. Талқылау бары­сын­да партия төр­ағасы, ҚР Парла­мент депутаты А.Перуашев – Жол­даудан көп үміт күтетіндігін, саяси бастама­лардың маңыз­ды­лығын, алашор­далық бабалардың сара жолын жалғастырушы ұлт­тық мемле­кет­ке жетелейтін үлкен стратегиялық құжаттың қабыл­данғанына ерек­ше мән беріп өтті. Бұған қоса, ОК Президиум мү­шесі Б.Нұрмұха­ме­дов те өте жүйелі аналитикалық талдамалы пікірлерімен бөлісті, ал Идео­логия жөніндегі хатшы Сәбит Байдалы – алпауыт елдер­дің қатарына үдемелі қадам­дар­мен мерзімдік бағдарламалардың са­палы тетіктерін қолдану ар­қы­лы, елдің ынтымағының арқа­сын­да ортақ мақсатта саяси пар­тия бо­лып жұмылып әрекет етуге ша­қырды. Сөз сөйлеуге, ҚР Пар­ла­мент депутаты Алмас Тұртаев, «Болашақ» РҚ төрағасы Дәурен Бабамұратовтар шығып, өз пікір­лерін ортаға салды, Жолдауды то­лық қолдайтындықтарын жет­кізді.
Үшінші бөлімде, Партия бас­шылығы ОК Президиумның жә­не барлық партиялас-әріптес­тердің атынан партияда беделі мен құрметі зор мүшелер –Пат­теев Мұса Ашенұлы мен Қаңтар­баев Құдайбергенге Мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілерді салтанатты түрде табыстап, құт­тық­тады.
Келесі бөлімде, жаңадан пар­тия мүшелігіне кірген 15 азаматқа партия билеттері тапсырылды.
Конференцияның күн тәртібі бойынша, Алматы қалалық фи­лиа­лының алдына қойған мін­дет­терін анықтау, ұйымдастыру жұмыстарын – Қалалық кеңесті бекіту, Қалалық кеңес және фи­лиал Төрағасын сайлау мәсе­ле­лері қарастырылды.
Конференцияның жарыс сөзі­не – Мақсат Жақау (саясатта­нушы), Құлтас Достан («Жас қазақ үні» газетінің бас редак­торы), Ахмадиева Ажар (оқыту­шы), Линник Андрей (кәсіпкер) жалынды ұсыныс-пікірілерімен лебіздерін жеткізді.
«Жас қазақ үні» газетінің
бас редакторы, Құлтас Достан: «Алаш­­тың ардақты аламан-ұл­дары кейінгі ұрпағын жері мен елі үшін қайтпас күреске, ұлты мен жұрты үшін таймас тартысқа тәрбиелеп-тәлімдеген. Осынау орасан кү­ресті, маңызды майдан­ды – алаш­тың асқар асулардан асатын ақ жолы деп түсінген.
Алаштың жолы – тым бұра­лаң-бұрылысты болса, «Ақ жол» партиясының да соқпағы тақтай­дай тегіс, оқтаудай түзу болған жоқ. Тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей келе жатқан «Ақ жол­дың» енді ғана арнасы ашылып, даңғылы тазарған сияқты…
Қай-қай байыпты басшыға да ақыл мен алғырлық ауадай қажет. Саяси күрестің кескілескен кү­рес­терінен сүрінбей өткен атпал азамат Азат Перуашевтың келуі­мен, шындығында, «Ақ жол» пар­тиясының тынысы кеңейіп, қа­наты ашылды. Ең алдымен, Қа­зақстандағы №2 партияға айнал­ған «Ақ жол» Парламент Мәжілі­сінің 8 депутаттық орны­на қол жеткізді. Сөз жоқ, бұл – жалпы партия басшылығы мен мүшеле­рінің жеңісі десек те, ең бі­рінші, Азат Тұрлыбекұлының ерен ең­бегінің, биік беделінің, асқақ абыройының жемісі. Бір даныш­панның: «Мықтыны мо­йын­дай білу де – мықтылық!» де­гені бар. «Жақсының жақсылы­ғын айт – нұры тасысын!» де­ген­дей, ақи­қаты: Азекең «Ақ жол» партиясы­ның жұмысына жаңа бағыт, тың түрен салды.
Қазір «Ақ жол» партиясының мүшелері күн санап артып келеді. Біздің Алматы қаласының қар­сы қалың зиялы қауымы біздің пар­тиямыздың бағыт-бағдарларын ұстана бастады. Өйткені, біздің жолымыз ақ, ниетіміз түзу, жұмы­сымыз айқын, бұл – Алаштың мәңгілік мұраты мен мүддесі. «Қа­зақ хандығы – мемлекетшіл­діктің алтын көпірі» десек, ал, Алаш­тың идеясы – қазақ руха­ния­тындағы ең биік, ең берік идеялардың бірегейі. Алашорда, Алаш үкіметі, Ұлттық кеңес сын­ды ұғымдар қазақтың мемлекет­шілдігіне асыл арқау болды.
Алаштың парасаты мен өл­шемін белгілеген «Алаштың айнасының» көрнекті қайрат­керлері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды сындарлы да саңлақ тұлғалар – бүгінгі жаңа тұрпаттағы, тың ты­ныстағы «Ақ жол» партиясының ұлағатты ұстанымы, таймас тұ­ғыры болып табылады.
Жақында ғана Елбасымыз Қа­зақстан халқына арнаған «Қазақ­стан–2050»: Стратегиясы қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Қа­зақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді дамыту. Біз ұр­пақ­тарымызға тілді мұраға қал­дыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадір­лейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәр­тебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атай­тын боламыз », – деді.
Алаш арыстарының басты арманы – қазақтың бостандығы мен тәуелсіздігі еді. Құдай қол­дап, бодандық қамытын шештік, бірақ, елдің шынайы еркіндігі мен жұртымыздың бақытын еш­кім алтын табаққа салып әкеліп бермейді екен…
Алашорда – бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұр. Алаш идеясы, Алаш мұраты деге­німіз – қазақтың құқығын қорғау мен қолдау. Алаш зиялыларының пейіл-ниеті, ақыл-ойы, парасат-пайымы бізді ата-баба болмы­сынан тамыр үзбеуге, салт-дәс­түрінен күш-қуат алуға, жаңа­шыл, озық, көпшіл, бейбіт­шіл болуға үндейді. Мұны «Алаш­­тың айнасы» деп атаймыз.
Кешегі кемеңгер алаш азамат­тарының сара соқпағына Азат Тұрлыбекұлы бастаған тың тұр­паттағы, жайсаң бағыттағы «Ақ жол» партиясы түсті», – деді.
Сондай-ақ, жиын барысында делегаттардың дауыс беру жүйе­-
сі арқылы, Қалалық кеңеске 15 адамның тізімі бекітілді. Со­ны­мен қатар, партияның Алматы қалалық филиалының төраға­лығына Андрей Линниктің кан­дидатурасы ұсынылып, көпшілік дауыспен сайланды.
Конференция аясында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев ойларын ортаға салды. Өз сөздерінде, партияның қазіргі ахуалына, партия жұ­мы­сының басты бағыттарына тоқ­тал­ды, партияның қалалық ұйымы­на алдағы уақыттағы нақ­ты мақсаттар мен бағдарларды анықтап берді. Алматыдағы ақ­жол­дықтардың ауқымды істері алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

«Ақ жол» ҚДП  Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі

                                                                Ақжолдықтардың қатары көбейіп келеді…

Еліміздегі атқарып жатқан елеулі ісімен ел аузында жүрген еңселі пар­тияның бірі де, бірегейі «Ақ жол» екені даусыз. Осы тұста «Ақ жол» ат­қарып жатқан ауқымды істерді тіз­бектеудің қажеті жоқ сыңайлы. Өйт­кені атқа­рылып жатқан ілкімді істер­дің дені жұрт назарында. Онымен «Жас қазақ үні» газетінің оқырман­дары етене таныс.
Біздің айтпағымыз – жақында ғана Алматы қаласында өткен «Ақ жол» пар­тиясының Алматы қалалық филиа­лының конференциясы болатын.
Партия басшысы А.Перуашевтың қатысуымен өткен алқалы жиында, ауқымды мәселелер қамтылды. Бас­тысы ақжолдықтар қатарының күн санап көбейіп келе жатқандығы еді. Бұған осы шара барысында да көзіміз жетті.
Осы күні «Ақ жол» партиясына өтуге жастар қауымы мен бірқатар зиялы қауым өкілдері де тілек білдірді. Олардың қатарында тележурналист, Президент грантының лауреаты, Жур­налистер одағының сыйлығы мен «Күміс жаршының» иегері Иманбай Жұбаев, белгілі тележурналист, ақын Нұрлан Әбдібек, «Жас қазақ үні» га­зетінің Бас редакторы, Халықаралық ақпараттандыру Академиясының ака­демигі Құлтас Достан, «Заң» газетінің Бас редакторы, ақын-сазгер Бекжан Әшірбаев, «Жас қазақ үні» газетінің жауапты хатшысы Гүлмира Садықова және тағы басқалар да бар.
«Ақ жол» алдағы жылы бұл жыл­да­ғыдан да жарқын істерді жүзеге асы­рары анық. Өйткені ақжолдықтардың қатары қоғамның түрлі өкілдерімен күн санап артып келеді. Осындай белді партияның мүшелігіне өтіп, ел мұңын мұңдар, жоғын жоқтар атпал азамат­тардың қатарына қосылу біз үшін үл­кен қуаныш, әрі үлкен жауапкер­шілік. Алдағы уақытта «Ақ жолдың» сапында, ілкімді істер жолында жұ­мы­ла жұмыс жасайтындығымызды айт­қым келеді.
Елдің өзі ақ жол тілеген «Ақ жол­дың» алда атқарар ауқымды ісі де мол болмақ.
                                                   

                                                                    Гүлмира Садықова 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз