Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтеді.

1
1164

23-желтоқсанда сағат 17-00-де Студенттер Сарайында Қазақстанның халық жазушысы, Қырғызстанның халық ақыны, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтеді.

Кеште Мұхтар Шаханов атындағы поэзия клубының жас бүлдіршін мүшелері жыр оқып жаныңызды жадыратса, Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары: Жұбаныш Жексенұлы, Тамара Асар, Айгүл Иманбаева, Гүлмира Ақүрпекова, Сәкен Қалымов, Мирас пен Құралай, Жанболат пен Жазира, Ералхан Әбіш, Көркем Сейсенбек «Жігіттер», «Серілер», «Жебе» топтары және тағы басқа да көптеген өнер иелері ақынның ел аузындағы белгілі әндерін орындап, кеш ажарын аша түседі.

Билеттер Студенттер Сарайының кассасында (274-20-62) және «Жалын» журналының (Пушкин көш. 2 үй, 6 қабат, тел.:397-58-13, 397-61-70, 8701-789-07-28; 8702-909-93-99, Райымбек даңғ. қиылысы) редакциясында сатылады.

 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз