Төте жол өзбектердің өзімшілдіктерінен құтқарады

Егемендiк таңы атқалы сан ғасырлар бойы “iшшай” деспей, шекарасыз тату көршi болып келген өзбек ағайын Оңтүстiктегi Сарыағаш, Мақтарал және Шардара ауданының тұрғындарына “құқай” көрсете бастады. Шекара сызығынан көршiлердi аттатпайтын болды. Бiрлi-жарым көк қуалап өтiп кеткен малдарымызды қайтып бермейтiн әдет шығарды.

Iлгерiде бiр атамыздың өзбек досы болыпты. Сол ала топылы досы опасыздық жасаса керек. Сонда “Өзбек – өз ағам” деп сенiп жүрген атамыз: “Қырғыз, қазақ бiр туған, “сарт” шiркiндi кiм туған”, – деп налыған екен. Егемендiк таңы атқалы сан ғасырлар бойы “iшшай” деспей, шекарасыз тату көршi болып келген өзбек ағайын Оңтүстiктегi Сарыағаш, Мақатарал және Шардара ауданының тұрғындарына “құқай” көрсете бастады. Шекара сызығынан көршiлердi аттатпайтын болды. Бiрлi-жарым көк қуалап өтiп кеткен малдарымызды қайтып бермейтiн әдет шығарды. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары облыс орталығына мақтаралдықтар Шыназ, Ташкент арқылы қатынайтын едi. Күре жолды жауып тастады. Мақтаралдықтар Шымкентке Арнасай, Шардара арқылы қатынауға мәжбүр болды. Мақтаралдың халқы табанынан тозып кеттi. Бұл жол азабынан 2000 жылы желтоқсанда Сырдарияның үстiнен салынған “Достық” көпiрi құтқарды. Елбасы Н.Назарбаевтың өзi келiп, көкқошқар шалып, жаңа көпiрдiң лентасын қиды. Мақтаралдықтар Шымкентке қатынау мәселесi шешiлгенмен, қуаныштары көпке бармады. Өзбек көршiлер Жетiсай-Шардара күре жолын жауып тастады. Сөйтiп, құрттай қатынап жатқан мақтаралдықтар мен шардаралықтар құда-жекжат ағайындарының жиын-тойына, базар-ошарына бару үшiн Ғ.Мұратбаев, “Бiрлiк” елдi мекендерiнiң үстiн басып өтетiн күре жолға күнi түстi. Бұл бұрынғы жолды 40-50 шақырымға ұзартты. Қыс маусымында жауын-шашынды күндерi “Бiрлiктiң” жолы боранда көктайғаққа айналып, қауiп-қатерлi болды. Мұндай “тату көршiнiң” қолдан жасап отырған құқайына шыдап келдiк. Дауылпаз ақын С.Сейфуллиннiң “Iш қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқтың!” керi келдi. Мақтаралдықтар мен шардалықтардың өзбек көршiлерге деген өкпесi қара қазандай. Сырттай өкпелеп, күңкiлдегеннен басқа қолдан келер шара жоқ. Шарасыздықтың күнiн кешiп, айналма жолға да көндiктiк. Халықтың арманы мен көксегенi Шардара-Жетiсай төте жолын қалпына келтiру. Бұл арманның орындалуына алғашқы үмiт оты қылаң бердi. Шардара-Қарасақал (бұрынғы Киров ауданы ХХ партсъезд совхозының кемер жағасындағы үшiншi бөлiмшесi) елдi мекенi аралығын қосатын күре жол құрылысы қолға алынғалы үш айдың жүзi болды. Бiр қауанарлығы – сметалық жобасы жасалып, мемлекеттен қыруар қаржы бөлiнiп, басталған құрылыс жұмыстарының аяқсыз қалмайтындығына деген сенiм. Жол құрылысына қаржы бөлiп, басшылыққа алған Қ.Р.Ауылшаруашылық министрлiгi, Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетi. Мемкомның төрағасы шардаралық жерлесiмiз Ислам Әбiшов осы жобаны өз бақылауына алды. Атпал азаматтың ел игiлiгi үшiн қолға алған объектiнi сапалы атқарып, пайдалануға беретiндiгiне халық нық сенiп отыр. Жасалған жоспар бойынша үстiмiздегi жылдың соңына қарай жол құрылысының бiрiншi кезеңi аяқталып, пайдалануға берiлуi тиiс. Оған негiз бар. Осы жол құрылысын көзбен көру мақсатында Арнасай су реттегiш тоғанының бастығы Есiмхан Iлясовты жолсерiкке алып, сапарға шықтық. Шардара-Жетiсай тас жолы он шақты шақырмыдағы “Үш там” аталатын жерден Шардара су қоймасына қарай солға бұрылып, жаңа жол құрылысы басталады екен. Енi 42 метрлiк қара жолға түсiп, жасанды теңiз” бойымен оңға бұрылып, шығысты бетке алдық. Оң жағы құм кемерi, сол жағында шалқыған Шардара теңiзi. Ерсiлi-қарсылы сапырылысқан бiрi – топырақ тиеген, бiрi – жүгiн төгiп, қаланы бетке алған 40 тонналық Қытайдың “HOWO” және Ресейдiң “Камаз” маркалы жүк көлiктерi. Жол салудың басты мәселесi жасанды теңiздiң ернеуi мен кемердiң астынан салынуы. Теңiз суы көтерiлсе, құрылыстың пышақ кескендей тоқтап қалуы мүмкiн. Сондай-ақ, жолдың алғашқы төсенiш топырағының Шардара қаласынан тасымалдануы екен. “Қарасақал” ауылынан бастау алатын жол құрылысының қарқыны жоғары. Жол құрылысына облыс аумағында оннан аса құрылыс мекемелерi “Арнасай” тоғанына дейiн 18 шақырым, “Арнасайдан” “Қарасақалға” дейiн 16 шақырымдық аралықта құрылыс жұмысы ауқымды да қарқынды жүргiзiлуде. “Арнасай” учаскесiнде “Жилстрой–индустрия” компаниясы (бас директоры Умида Валижанова) қарамағында 40 “HOWO” автомашинасы, 5 эксковатор, 2 автогрейдер, 2 водовоз автомашинасы, жол таптағыш агрегатымен жұмысты жоғары қарқынмен ұйымдастыруда. Ерсiлi-қарсылы топырақ тасып жатқан жүк көлiктерiнде тыным жоқ. Олар “Арнасай” тоғанының шығыс бетiндегi биiк жалды эксковатормен iндете кеулеп, жүк көлiктерiне толассыз тоғытуда. Шардара-Арнасай учаскесiнде “Сафари” фирмасы, “Жетiнұр” компаниясы т.б құрылыс мекемелер, жол құрылысын кешендi жүргiзiп жатыр. Жол табанына 0,5 метр құм ұлтанын биiктiгi 4 метр топырақпен көтеру межеленген. Қазiргi таңда жолдың ұзына бойына топырақ төгiлiп, биiктетiлуде. Жыл соңына дейiн жоспар бойынша тас төселiп, жол пайдалануға тапсырылуы тиiс. Енi 12 метрлiк асфальт төсеу келер жылдың жоспарына енедi. Күре жолдың ұзына бойында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргiзiлуде. Жолдың нобайы бар. Жұмыстың бүгiнгi қарқынына қарағанда жаңа жылға дейiн пайдалануға берiлетiн сыңайлы. Шардаралықтар мен мақтаралдықтар көптен көксеген армандарының орындалуына санаулы күндер қалды десек артық айтқандық болмайды.

Бодық ШЫРЫНБЕКҰЛЫ, 

Шардара-Арнасай тоғаны,    

Оңтүстік Қазақстан облысы