«АСТАНА – ЖАҢА ҚАЛА» АЙМАҒЫНА КӨЛЕМДІ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

0
936

Бүгін елордада өткен «Smart Astana-2012» конференцияда Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов соңғы он жыл ішінде «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына тартылған инвестиция көлемі 13,3 млрд АҚШ долларын құрап отырғанын айтты.

Биыл екінші мәрте өткізіліп отырған жиында қала тұрғындары мен қонақтарына көрсетілетін қоғамдық қызмет сапасын арттыру, қаланың бәсекеге қабілеттілігін, әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және инновациялық жобаларды енгізу сынды өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар қала әкімі «EXPO-2017» көрмесіне дайындық барысының инвесторлар үшін жаңа мүмкіндік екенін ерекше атап өтті.
Конференция аясында «Smart Астана балалары», «Үздік инновациялық мемлекеттік мекеме және кәсіпорын» байқауларының нәтижелері анықталды.

Иманғали ТАСМАҒАНБЕТОВ, Астана қаласының әкімі:

– Астананың даму қарқыны бір күн болсын бәсеңдеген емес. Алдағы міндет осы ырғақтан жаңылмай жұмыс сапасын жетілдіре түсу. Қаламызда оған қажетті барлық жағдай жасалған. Бұл ретте бүгінгі форум Астананың инвестициялық әлеуетін салмақтап, бағдарын айқындайтын жиын болмақ.

Азаматхан ӘМІРТАЕВ, «КАСК» бағдарламалар қауымдастығының президенті:

– «Smart қала» жобасының ерекшелігі – ол бақылау жүйесін, халыққа ақпараттарды ашық жариялау және денсаулық сақтау, білім беру жүйелерінің тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл өз жетістігін көрсетеді деп ойлаймын.

24 KZАстана

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз