Латын әлiпбиiне көшсек…халықаралық стандарттарға сай келедi

0
1047

Кеше Астанада өткен ғылыми-тәжiрибелiк конференцияда ғалымдар “EXPO-2017”  көрмесiне дейiн елiмiз латын әлiпбиiне көшуi керек. Өйткенi латын әлiпбиi халықаралық стандарттарға сай келедi” деген ұсыныс жасады. .

Олар халықаралық кеңiстiкте қолданылатын қазақ әлiпбиiн дайындау керектiгiн айтты.  Шәкiр Ыбыраев, Халықаралық түркi акаде­мия­сының президентi былай дедi: “EXPO-2017” көрмесi осы Астанада өтедi. Оған дүние жүзiнен 5 миллионға жуық қонақтар келедi. Сол кезде бiздiң көп жерлерiмiзде жазуларымыз латынша, ағылшынша жазылады. Сондықтан осы iс-шараға дейiн 5 жылдың iшiнде елiмiз латын әлiпбиiне көшетiн болса, бiздiң жазуларымызда халықаралық стандарттарға сәйкес, әдемi бiр жарасым табар едi деген ойдамын”.
«Жас Алаш»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз