ХАН ТӘУЕКЕЛ мен АЛАТАУ БАТЫР

1
4414

        

«Байырқұм», «Мұрынқарақтың» бүйірі еді,

«Ақтөбе», қоян қашар киік еді.

Бетпақ далада «Созақтың» ізі қалған

«Байырқұм»! Сенде Байрақты ту көтерген,

Шайбани Хан Орда құрып тұрып еді!

Берке Науан, Хан Тәуекел атанғанда,

Ескендір Мұңшы «Жеті Жарғыны» көтеріп шығып еді!

Біржолата «Қанды кектің» ізі жойылған,

Әз Ғараб, Алатау атанып, Ұранға айналып,

Хан Тәуекел заманында «Қызылбасты» тыйып еді!

(Жиембет жырау)

          Әлиасқардың түсініктеме баяны: Заманында  бұл өңірдің тарихын Жиембет жырау осылай жырға қосыпты. Мұның өзі «Байырқұмның» Шайбани Ханның Ордасы болғанын, «Байрақты төбенің», «Ббайырғы төбе» болғанын, түп-тарихының арыда жатқанын баяндайды. Осы «Байырғы» – сөзінен барып, кейін «Байырқұм атанады. «Байырқұм» – төбешігінің айналасы құмшауыт. Төбенің басына биіктігі 7-метр ағаштан белгі қойылған. Оның өзіндік сыры бар. Айналасы топырақтан үйіліп редуттар жасалған. Төбешіктің айналасын қоршап жатқан әр жерде қалдықтары мен қирандысы қалған қам кесектерден өрілген қорғанның іші құмға толы. Бұл үгілген қорған мен үйілген құмдар көне замандардан сыр шертеді. Жаугершілік кезінде бұл төбенің басында сақшылар тұрып, алыстан жау көрінгенде бір-біріне от жағып белгі берген.

        «Байырқұм» төбеден қарағанда солтүстік тарап анық көрініп, «Мұрынқарақ» тауы мен мұндалайды.

           Ғылыми анықтама: «Ббайырқұм», «Мұрынқарақ», «Аақтөбе»-бұл қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Шардара аудандары жеріндегі жағрафиялық тарихи атаулар. «Созақтың»-бұл жерде осыдан 5 мың жыл бұрын Аалаш Қаһан мен Ұлсай Емер Анамыздан Қазақ Қаһанмен бірге туған егіздің бірі Бетпақ дала жерінде аты қалған Ссозақ Қаһан туралы болып отыр. Берке Науан-Тәуекел Ханның азан шақырып қойған аты. Ескендір Мұңшы-Советтік Отаршылдық жүйенің атын атауға қорыққан Қазақ халқының Ұлы Тектілерінің бірі.              Халқымыздың ежелден келе жатқан «Жаса» заңы сияқты, Ұлы заңдарының бірі «Жеті Жарғының» авторларының бірі. Ұлы Би. Кейбір деректерде Ұлы азаматты «Әнет Ббаба» – деп те атайды.

         «Қанды кектің» ізі-бұл сөздің мағынасы Дешті Қыпшақ мемлекеті Шайбан ұрпағы Әбілқайыр өлгеннен кейін екіге (1451ж.)бөлініп, Қазақ Хандығы мен Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани Хандығы құрылып, Шайбан ұрпақтарына Дешті Қыпшақта тақта отыруға тыйым салынады.

         Аштархан хандары мен екіге бөлініп Мұхаммед Шайбани жағына шыққан қазақ тайпаларынан көмек алған Шайбани Хан бүкіл Әмір Темірдің ұрпақтарының Орта Азиядағы иелігін түгелге дерлік жаулап алады. 1510 жылы Иран шахымен ұрыста қаза тауып, оның арты «Қызылбастар» аталған иран парсылары мен қазақтардың арасындағы «Қанды кекке» ұласады. Ұзаққа созылған «Қанды кекті» соғыс Тәуекел Ханның тұсында «Жеті Жарғы» заңы қабылданып, оны алыс-жақын шет мемлекеттеріне мойындатқаннан кейін тоқталады. Қазақ хандығы құрылғанға дейін қазақ тайпаларын Аалтын Орданың қаһарлы хандарының бірі Мәңгі Темірдің немересі, Тұғрыл ханзаданың баласы Өзбек Ханның (б.қ.ж. 1313 07.04.1342ж.) атымен «Өзбектер» – деп атаған.

        «Әз-Ғарап, Аалатау атанып Ұранға айналып» – еді деген жолдардың мағынасы Тәуекел Ханның «Жалғызы» аталған, «Дүрмахан» дәрежесіндегі, яғни Соғыс істерін басқаратын әрі ел шекарасының беріктігіне де жауапты кеңесші – биі, яғни уәзірі болған Әз Ғарабты, Хан сарайында оның қолбасылық және жеке ерекше әскери шеберліктерін көре алмай, көзін құртуды тереңнен ойлаған уәзірлерінің азғырумен Хан Тәуекел оны аз ғана қолмен Иран елімен арадағы Ел шекарасын тексеріп қайтуға аттандырады. Жансыздары арқылы хабарланған жау жағы он үш мың әскермен тұтқиылдан шабуылдап, Тәуекел Ханның аз қолын қырып, алдырмаған алып батырға жан-жақтан бұғалықтар тастап, атынан құлатса да игере алмаған «Қызылбастар» жабылып жүріп екі қолын артына байлап екі аяғына екі дәу қойтастарды таңып тастап, күзетшілер қояды. Қазақтың Бас қолбасшысын тірідей ұстап әкелуге Исхаф Шахтан тапсырма алған жау қолбасшысы еліне жаушы шаптырып,  жеңісін тойлай бастайды. Алды-артын терең ойламай жау қолына түсіп қапыда қалғанына «аһ ұрып» опынған батыр аптығын басып, енді қандай шара қолдану жайын ойланып отырғанда, жау әскері жабылып ұстай алмай қалған Әз Ғараптың тұлпары жылқының асылы, шолақ жамбас тұқымды «Наршолақ» аты батырдың исінен сезіп арқырай кісінеп шауып келіп, байлаулы жатқан батырға басын созып оқыранып, тебініп тұрып алады. Мұндай оңтайлы сәттің енді болмасын сезген батыр орнынан жайлап тұрып, бар күш-жігерін қайрап, атының жалынан тістеп аяғындағы қой тастарын зор күш сала көтеріп атының үстіне қона кетеді. Белін тіктеген сәтте-ақ, арғымақ ат суылдай жөнеледі. Алдынан кездескен апандай жырадан да қарғып өтеді. Жайбарақат жатқан жау әскері шу ете қалып садақтарына жармасады. Мына көріністі алыстан бақылап тұрған «Қызылбастың» қолбасшысы жебесін сайлағандарға айқай салып:

Атпаңдар! Мынау батырдың қайратына қара тастарда қарсы тұра алмады. Неткен Тектілік! Астындағы атына заты сай, тақымына ақылы сай екен! Төрт аяқты тұлпары жауына тастамас халқының жалауы ғой. Жыра-құзды да бұйым көрмеді. Атпаңдар! Атпаңдар! Киесіне ұрынармыз… Мұндай батыр ұлы бар елмен тату-тәтті тұруымыз керек! – деп, көпті тоқтатып, сабырға шақырады.

         Суық хабарды естіп, жиырма мың қолымен Әз Ғараптың артынан жауға аттанарға даяр тұрған Тәуекел Ханның алдына қолы артына байлаулы, аяқтарында қазандай қара тастары бар Әз Ғарап шауып келгенде жұрт күңіреніп кетеді. Сарбаздар қаумалай жабылып, Батырды аттан түсіреді. Сонда Әз Ғарап Ханның қасында тұрғандарға қарап айқай салады:

Әй, Есқай төре, Дәубас Шома! Шеш қолымды, кеспе жолымды! Кебін тартып жатсың ба? Кеспе өлімді! Тектілермен тең басқан, тексіздер жолда адасқан! Кім айтып жүр осал деп, қай жерімді!? Қазақ – қызылбас арасы тең бөлінді! – дейді. Сонда ғана бәрін түсініп, түнерген Хан Тәуекел:

Жаудың «Қызылбасын» да, таудың қара тасын да, тақымыңды да ақылың жеңіпті–ау Батыр! Басыңа түскен ауыр сын тақымыңды тарылтып, ақылыңды да аздыра алмапты-ау! Басыңды мұнар шалса да шайқалмайтын, Сен нағыз Алатаусың! – дегенде, жиырма мың сарбаздар мен жиналған қара құрым халық Ханның сөзін қайталап:

Алатау!.. Аалатау Батыр, Алатау Батыр! – деген, көптің Ұранды айқайынан аспан асты жаңғырады. Міне осылай «Қазақтың Алатауы» аталған, халқымыздың атақты қолбасшы батыры, Жалаңтөс Ббаһадүрдің, Қарасай батырдың, атақты Жақсығұл мерген сияқты көптеген батырлардың ұстазы болған Әз Ғғарабтың азан шақырылып қойған аты кейінерек ұмытылып, Аалатау Ббатыр аталып кетеді.

          Алатау Батырдың соғыстарда қолданатын сан-алуан айла тәсілдері болған. Ескендір Мұңшы Алатаудың әскери соғыс жүргізу амал-айла, тәсілдері туралы 2 кітап жазады.

          Біріншісі шабуылмен жауды тізе бүктіру амалдары мен тәсілдері туралы, оның ішінде берік қамалдарда бекінген жауды алу мен жазықтарда, таулы жерлерде, су тоғандары ортасындағы жау әскерлерімен қалай соғыс жүргізу жайлы жазылған «Жансебіл» кітабы. Бүкіл Түркілердің ортақ Шағатай тілінен аударғандағы «Жансебіл»-сөзінің мағынасы: «Адам бойындағы 12 мүшені соғыс жағдайына төзімдету» – деген ұғым екен. Алекіншісі жау шапқанда қорғану үшін қолданылатын соғыс тәсілдері туралы жазылған «Жантәсіл» кітабы. Мұнда ауа райы мен тәуліктің кез келген сәтін жағдайға байланысты тиімді  пайдалану  жазық жерлерде жерді қазып тереңдетіп, бетін табиғи өсімдіктермен жапқан құпия бекіністер жасап, жау тылында шабуыл жасайтын әскерлер қалдыру; улы өсімдіктерден жасалған заттарды жаудың әскерлері мен аттарын есеңгірету үшін қолдана білу амалдары, т.с.с. тәсілдер мен уақыт ұту үшін жекпе-жек жүргізу соғыстары және таулы жерлерде соғыс жүргізу туралы жазылған кітаптың аты «Жантәсіл» – сөзі: «12 мүшеге қару сілтеу» – деген ұғымды білдіріпті.

            Қазақтың тірі кезінде – ақ аты Ұранға айналған Батырларының оң иығында ақ киізге алтын жіптермен тоқылып «Ббүркіттің шеңгелі» (қазір мұндай белгі «шеврон»- деп аталады) бейнеленген ерекше таңбалары болған. Бұл батырлар бозқасқалы немесе ала ат мінген.

            Алатау Батырдың жекпе-жекте қолданатын соғыс тәсілі: «Ат үстінде шауып бара жатып найзаны төбесінен асыра шыр айналдыра лақтырып жіберіп, сол екі арада аттан қарғып түсіп, найза төмендегенше шауып бара жатқан атына қайта мініп найзаны қағып алуға үлгеріп, және сол мезетте қылышын қынынан суырып найзасымен бірге екі қолымен бірдей ойнатып, өзі ер үстінде ұршықша айналып  жауды да, елді де таң қалдырған. Осындай кезде жекпе–жекке шыққан жаудың батыры не істерін білмей сасып, құйындай айналып жүрген сарбаздан қорғанам деп бұрыла бергенде басын қағып түсіретін болған. Осы жекпе-жек түрін «Бозша ірілік» – деп атап, оны шәкірті Жалаңтөске үйретеді. Кейін Жалаңтөс Баһадүр өз нөкерлеріне үйретіп, бұл тәсіл «Ббас айналу» – деп аталып кетеді. Бір таңқаларлығы батыр мұндай жекпе-жекке сауыт, қалқансыз беліне дейін жалаңаш, тек найза мен қылышпен ғана шыққан. Бастарына ақ матадан сәлде орап, оның бір ұшын иегінен төмен түсіріп қойған. Жекпе–жекте басына мұндай сәлде байлап шығуды «Пейіл сақал» – деп атаса, мұндай жекпе-жек түрлерін кейін Аабылай Хан заманында зерттеп, көзімен көрген орыс патшасының елшісі Тевкелев «Белый сокол» – деп жазып қалдырыпты.

 

P.S: Әз Ғараб Батыр Үлкен Қазақ Энциклопедиясына

«Алатау батыр» – деген атпен кіргізілген.

 

 

ТӘУЕКЕЛ  ХАННЫҢ «Жалғызы»  АЛАТАУ БАТЫРДЫҢ ҚЫЗЫЛБАСТЫҢ  Шарақ Батырын  жекпе жекте  жеңуі

          Тәуекел Ханның заманында Ел астанасы Самарқан шаһары болған.

          Мұхаммед Шайбани Хан Қызылбастардың қолынан қаза тауып, дүниеден озғаннан соң бұрын екіге бөлініп кеткен Қазақ тайпалары қайта бірігіп Алты Алаштан тарағандар мен Қызылбастар арасы «Қанды кекке» ұласып, екі арадағы қантөгіс соғыс тоқтамайды.   Қызылбастардың Шарақ деген Баһадүрі Маруанақырдың айналасын шулатып, қан – төгіске айналдырады.

         Хан Тәуекелдің бір қорқатыны, өте қауіптенетін дұшпаны осы Шарақ Баһадүр екен. Шарақтан қорқатын себебі, бұл Баһадүр исі мұсылман елдеріне аты шыққан және өзін: «Мұхаммед пайғамбардың жиенінен тараған ұрпақпын!» – деп жар салады екен. Тәуекел Хан Мұхаммед (Ғ.С.) жиені болған ұрпаққа қарсы шығуға: «Дінбасылар мен исі мұсылман халықтарының наласына қаламын ба?» – деп, қорқады екен.

         Ақыр соңы соғыс Қазақ жеріне қарай ойысады.

        Қызылбастар мен Қазақтар арасындағы Мұрынқарақ тауына жақын жердегі кезекті бір майдан алдында екі елдің Қолбасылары: «Жаппай қырғын жасағанша, Қолбасылар жекпе – жекке шығайық, жеңген жақтың  әскері ұрыссыз беріледі!» – деген тоқтамға келеді. Қазақтан Тәуекел Ханның «Жалғызы» Әз Ғараб Алатау Батыр мен Қызылбастың Шарақ Баһадүрі майдан алаңына ат ойнатып  шығады. Бірінші сөз бастаған Шарақ Баһадүр:

Ұрысты біздің Елдің дәстүрімен өткіземіз! Қазақ халқы қонағын сыйлаған, бірінші жолды берген. Маған кезекті бересің! Қаруды бірінші сілтеймін! Бірақ қарсы алдыңнан шабуға дәтім барар емес. Адамзаттың реңдісі екенсің! Ат құйрығын  желкеңнен салдым! – деп, Шарық Баһадүр семсерін Алатаудың қарақұсынан сілтейді. Алайда оның сілтеген семсері дулығадан өтпей ортасынан қақ бөлінеді. Алатаудың дулығасы «Зұлмарт» құймасынан жасалған еді. Ендігі кезек Алатауға келгенде, оның қақ маңдайдан қатты шапқаны соншалықты, Қызылбастың басын қақ айырып, қылышы қазан толардан асып, сегіз көзін екіге бөліп барып тоқтайды. Шарықтың аты оның айқасқан екі білегімен қақ бөлінген денесін салақтатып, Қызылбастардың қолына апарып қосылады. Алатау Батыр қылышын сілтегенде, Шарық Баһадүр екі білегін айқастырып қалған екен. Осы жекпе – жектің аяғы Қызылбастардың ұрыссыз берілуімен аяқталады.

Әз Ғараб Алатау Батырдың осы ерлігін шайырлар:

Еліңе шақырылмаған қонақ келді!

Ырысыңды тепкілеп талап келді!

Әз Ғараб Алатаудың қайратын – ай!

Шарақты қақ маңдайдан салған кезде,

Қазан толарын ақтарып

Сегіз көзін айырып, екі – ақ бөлді!

Салақтап екі айырылған денесімен,

Қызылбастың қалды айқасқан қос білегі! – деп жырлапты.

          Түсіндірме: Дешті Қыпшақ Елі екіге бөлініп, Шайбан тұқымы Әбілхайырдың немересі  Мұхаммед Шайбани Хан түстіктегі Маруанақырды басып алып, Әмір Темір Көрегеннің шашырап кеткен ұрпақтарының иеліктерін тоз-тоз етеді. Бірнеше жылдың ішінде Орта Азияның ұлан – ғайыр жерлерін басып, талай елді бағындырады. Ақырында Иран шахымен жекпе – жекте қаза табады. Тарихта Иран шахы бұл ержүрек Ханның басынан шарап ішетін ыдыс істеткен деген деректер де бар. Тарихтың мұндай бұралаңы Дешті Қыпшақ Елінің қайта бірігіп, ортақ жау Қызылбастарға қарсы болған соғыс бұрынғыдан да өршіп кетеді. Осындай алмағайып майданның бірінде Алатау Батыр жекпе-жекте Қызылбастардың Бас Баһадүрін өлтірген соң ғана екі арада келісім – шартқа келуге жағдай туады. Бұл кездері Қазақтың Текті Маруанақыра Биі Ескендір Мұңшы бастаған Ұлы Билер мен алымдар жаңа заман талабына сай Ұлы Дала заңы «Жеті Жарғыны» жазып, талқылап біткен еді.

 

(Жалғасы бар)

Ілесбек БАЙЖАНОВ

 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз