«АЛАШ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫН ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ «АЛАШ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ  ӨЗЕКТІЛІГІ

2012 жылғы 23 қарашада «Ақ жол» партиясы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің қолдауымен «XXI ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Шараға жетекші алаштанушылар, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысады. Конференция келесі секциялар бойынша өтеді: «Алаш» көшбасшыларының мемлекеттілікке, ұлттық-мәдени құндылықтарға көзқарастары»; «Алашордалықтардың» экономикалық мұралары туралы»; «Алаш» көшбасшыларының еңбектеріндегі әлеуметтік жаңғырту мәселесі». Қазақстанның кешегі саяси тарихы мен «Алаш» көшбасшыларының көзқарастары туралы көбірек ақпарат алып, баяндамашыларға сауалдарын жолдаймын деп тілек білдірушілердің барлығын шараға қатысуға шақырамыз.  

Конференция Астана қаласында өтеді.

 

Мекен-жайы: Керей және Жәнібек хандар    көшесі, 18, «Тілеп Қобыз» сарайы.

Басталуы сағат 10:00-де. Байланыс телефоны: 602-682