А.Мамытбеков: Су комитетінің төрағасы И.Әбішев 300 млрд. теңгені үнемдеп еді, біреулердің ісі жүзеге аспай қалды…

0
732

*Сөзбе-сөз

– Сізді сын садағына алушылар толастағаннан кейін, аяқ астынан Су комитетінен жік шықты. Бұл министрлікке қарсы әлі де «соғыс» жүріп жатқанын аңғарта ма?
– Мұны да мүдделер қақтығысы деуге болады. Су комитеті 300 млрд. теңгені үнемдеп еді, басқа біреулердің ісі жүзеге аспай қалды. Алдын ала әлдекімдер «тендерді алып, ақшасын жұмсаймын» деп бекініп қойған шығар. Су комитетінің төрағасы Ислам Әбішев оны түбегейлі өзгертіп, бюджетке ақша үнемдеудің,  сапаның жақсарту жолын тапты. Мұндай әрекет бәріне ұнай бермейтін көрінеді. Бірақ оған тағылған айып кезінде айғақ ретінде ұсынылған бірде-бір түбіртек сәйкес келген жоқ. Демек жала жабу үшін жасалған әрекет деуге болады. Мысалы, Қызылорда облысында су тарту жұмыстары кезінде 12 млрд. теңгемен 49 шақырымға ғана жүргізілген. Ал қазір 6 млрд. теңгеге 200 шақырым толық қамтылып отыр. Осындай қадамдар біреулерге жақпаған  секілді.

Халық сөзі

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз