БАС РЕДАКТОР - АКАДЕМИК

Қазақ журналистикасының белгілі өкілі, публицист әрі баспагер Құлтас Достан республикаға танымал азамат. Қазақ елі егемендік алып, ел есін жи­наған тұста республикалық «Жас алаш» газетінің хатшылық қызметінің қыр-сырын ғана меңгеріп қоймай, на­рық жағдайындағы қазақ журна­лис­тика саласының басқарушылық (ме­недж­мент) беделдік (пиар-жар­нама) не­гізінің іргетасын қалады. «Жас алаш­­тың» хатшылық пен ком­мер­ция­лық бөлімдері әріптестерінің нәпақа­сын молайтып, редакцияның қаржы­лық қоржынын толтырды. Нарық нақыштарын бойына бір­тіндеп сіңіріп, тиянақтап меңгерген Құлекең «Шартарап» атты жеке баспа ашып, қазақтың небір майталман тұл­ғаларының шығармалары мен кітап­тарын жарыққа шығарды. Жалпы, Құлтас Достан қаламгер­лікке жанға жылы, жүрекке жұмсақ ли­рикасымен келген ақын. Кеңес ке­зінде-ақ оқырманын ойлантып, елді елең еткізген жас ақын Құлтас Достан жастардың шығармашылық «Жігер» фестивальінің лауреаты атанды. Кейінірек Құлтас Достан «Нұр Отан» Халықтық партиясының баспа­сөз органы «Отан Медиа Групп» компа­ниясы Бас директорының орынбасары, Республикалық «Қазақстан» Телерадио Корпорациясының коммерциялық-жарнама қызметiнiң бастығы, рес­пуб­ликалық «Спорт айдыны» газетінің Бас редак­торы, Қазақстанда өткен 7-ші қысқы Азиа­да ойындары Ұйымдастыру ко­митетінің БАҚ-пен байланыс бөлімі­н басқарды. Қазір республика­лық «Жас қа­зақ үні» газетінің Бас ре­дак­торы. Таяуда Халықаралық ақпараттан­дыру Академиясының басшылығы қа­зақ журналистикасының көрнекті өкілі Құлтас Әбсадықұлы Достанға «Ха­­лық­аралық ақпараттандыру Ака­демия­сының академигі» атағын беру туралы шешім қабылдады. Елеулі азамат, қарымды қаламгер, Құлтас Достанды құрметті атағымен құттықтаймыз! Болашақта да дені-ба­сына саулық, отбасына аман­дық, қа­ламы­на қуат тілейміз!!! «Жас қазақ үні» газетінің ұжымы