ЖАҢАЛЫҚТАРБАС РЕДАКТОР – АКАДЕМИК 2012 ж. Қазан 2331442Facebook Twitter WhatsApp Telegram VK Қазақ журналистикасының белгілі өкілі, публицист әрі баспагер Құлтас Достан республикаға танымал азамат. Қазақ елі егемендік алып, ел есін жинаған тұста республикалық «Жас алаш» газетінің хатшылық қызметінің қыр-сырын ғана меңгеріп қоймай, нарық жағдайындағы қазақ журналистика саласының басқарушылық (менеджмент) беделдік (пиар-жарнама) негізінің іргетасын қалады. «Жас алаштың» хатшылық пен коммерциялық бөлімдері әріптестерінің нәпақасын молайтып, редакцияның қаржылық қоржынын толтырды. Нарық нақыштарын бойына біртіндеп сіңіріп, тиянақтап меңгерген Құлекең «Шартарап» атты жеке баспа ашып, қазақтың небір майталман тұлғаларының шығармалары мен кітаптарын жарыққа шығарды. Жалпы, Құлтас Достан қаламгерлікке жанға жылы, жүрекке жұмсақ лирикасымен келген ақын. Кеңес кезінде-ақ оқырманын ойлантып, елді елең еткізген жас ақын Құлтас Достан жастардың шығармашылық «Жігер» фестивальінің лауреаты атанды. Кейінірек Құлтас Достан «Нұр Отан» Халықтық партиясының баспасөз органы «Отан Медиа Групп» компаниясы Бас директорының орынбасары, Республикалық «Қазақстан» Телерадио Корпорациясының коммерциялық-жарнама қызметiнiң бастығы, республикалық «Спорт айдыны» газетінің Бас редакторы, Қазақстанда өткен 7-ші қысқы Азиада ойындары Ұйымдастыру комитетінің БАҚ-пен байланыс бөлімін басқарды. Қазір республикалық «Жас қазақ үні» газетінің Бас редакторы. Таяуда Халықаралық ақпараттандыру Академиясының басшылығы қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Құлтас Әбсадықұлы Достанға «Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі» атағын беру туралы шешім қабылдады. Елеулі азамат, қарымды қаламгер, Құлтас Достанды құрметті атағымен құттықтаймыз! Болашақта да дені-басына саулық, отбасына амандық, қаламына қуат тілейміз!!! «Жас қазақ үні» газетінің ұжымы
Құлтастың қазақтың қамын күйттейтін, намысын ойлайтын, жігерін жанатын еңбектері үшін сыйлаймын. Елімнің осындай азаматтары көп болса, шіркін!
Құлтастың қазақтың қамын күйттейтін, намысын ойлайтын, жігерін жанатын еңбектері үшін сыйлаймын. Елімнің осындай азаматтары көп болса, шіркін!
Кұлтас аға, құттықтаймын!
құлтас достанов сизге зор шыгармашылық тилеймин!