Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «ТҮРКІНІҢ ІШІНДЕ ЖІГІТТІҢ СҰЛТАНЫ, ЕҢ ЖАҚСЫ ЖІГІТ ҚАНДАЙ ДЕГЕНДЕ – ҚАЗАҚ ДЕЙДІ. СОЛ ҚАЗАҚ БІЗБІЗ»

1
1603

Таяуда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Түркия Рес­пуб­ли­касына ресми сапар­мен барды. Елбасымыз Түркия–Қазақстан іскер­лік және инвестиция фо­румында сөй­леген сөзінде: «Біз бүкіл түркі хал­қының ата жұртында тұрып жатырмыз. 1861 жылы қазақтың соңғы ханы өлті­рілгеннен кейін біз Ресей патшалы­ғының, одан Кеңес Одағының боданы болдық. 150 жыл­дың ішінде қазақ де­ген халық өзінің ұлттық салт-дәстүрін, тілін, дінін ұмытуға аз қалды. Жарат­қанның қолдауымен 1991 жылы біз өзіміздің тәуелсіздігімізді жа­рияладық. Сіздердің бабаларыңыз атажұрттан бері қарай жылжыған кезде Түркі қаға­натының ішінен түрік деген атты өз­дерімен алып кетті. Қазірге дейін «түр­кінің ішінде жігіттің сұлтаны, ең жақсы жігіт қандай дегенде – қазақ дейді. Сол қазақ – бізбіз», – деді.
Иә, қазақ халқының тәуелсіздігін алғаш таныған бауырлас түрік ағайын­дармен достық қарым-қатынасымыз жылдан жылға артып келе жатқаны сөзсіз.
Ал, бұл жолы Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейлі страте­гиялық ынтымақтастық кеңесі бірінші отырысының қорытындысы бойынша екі тарап бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Қазақстан мен Түркия Прези­дент­терінің қамқорлығындағы “Жаңа си­нергия” бірлескен экономикалық бағ­дарламасының 2012-2015 жылдарға ар­налған іс-шаралар жоспарын Қазақ­стан тарапынан Қазақстан Республи­ка­сы Премьер-Ми­нистрі­нің орынбаса­ры, индустрия және жаңа технология­лар министрі Ә.Исекешев пен Тур­кия­ның экономика министрі З.Чағлаян, ал Қазақстан Республи­ка­сы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен ТР Мемле­кеттік қызметі директораты арасын­дағы ынтымақтастық туралы мемо­ран­думды екі елдің аталған ведомство­лары­ның басшылары Ә.Бәйменов пен М.Кумбузоғлы рәсімдеді.
Былтыр екі ел арасындағы өзара сауда айналымы 3,5 млрд долларға жуық­­таса, 2015 жылға дейін бұл көр­сеткіш
10 млрд-ты құрайды деп күті­луде.
Бауырлас елдердің достығы дәйім жалғаса берсін деп тілейік.

1 Пікір

  1. Түркия-біздің еліміздің тәуелсіздігін алғаш қабылдап, саяси аренаға шығуымызға үлкен жол ашқан туыстас ағайындардың мемлекеті. Сондықтан да екі ел арасындағы бауырмалдық қыл өткізбестей мәңгілікке жасай берсін, ағайын!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз