«БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ІСІН ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

0
1164

«Бейнеу аудандық жастар ісін үйлестіру орталығы» мем­лекеттік мекемесінің маманына – 2 орын­ға конкурс жариялайды.
Функционалдық міндеттері:
Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі ұйымдастырушы­лық және құ­қықтық тетік­терді әзірлеу, эко­номикалық тұрғыдан ойлау­ды қалыптас­тыру және жас аза­мат­тардың кәсіпкерлік бастамала­рын қолдау, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қа­лыптастыру, жастар ара­сын­да шаралар, акциялар ұйымдас­тыру, жастармен жұмыс жасау болып табылады.
Қойылатын талаптар:
Білімі жоғары немесе арнау­лы орта болуы, Қазақстан Рес­публикасының тіл туралы Заңын,Қазақстан Респуб­лика­сының Конституциясын, Еңбек кодексін білуі қажет.
Конкурсқа қатысу үшін төмен­дегі құжаттар тапсырылуы тиіс:
1 Өтініш ;
2.Білім туралы құжаттары но­тариустан куәландырылған;
3.Еңбек кітапшасы ната­риус­тан куәландырылған;
4.Өмірбаяны;
5.Денсаулығы туралы анық­тама.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабар­ландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішін­де.

Мекен-жайымыз:
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Та­жиев кө­шесі, Аудандық әкімдік ғимараты, 2-қабат.
«Бейнеу аудандық жастар ісін үйлестіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, тел/факс: 8(72 932) 2-54-05.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз