«Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі» конкурс жариялайды

Функционалдық міндеті: Мемлекеттік қызметте болып алдын-ала болжам жасай алатын, ұйымдастыру, қадағалау жұмыстарын білетін, қабілеті мен әдістерін бі­летін, ұжым арасында тіл табыса білетін, халық­пен сөйлесу қабілеті бар, жағдайға бейімделгіш, білімін көтеруге ынталы, саналы болу, жер қа­ты­настары бөлімінің қызмет көрсету нысанда­ры­ның саясатын іске асыру шараларын ұйым­дастыру. Электрондық үкімет бағдарламасын халық­қа қызмет көрсететін кәсіпорындарда іске асы­ру мақсатында оның жұмысын ұйымдас­тыру және үйлестіру. Бөлімнің кіріс және шығыс журналдарын, шаруашылық кітаптарымен жұмыс жүргізеді. Жер учаскесіне рәсімделген сәйкестендіру құжаттарын тіркеу және халыққа қызмет көр­сету орталығына уақытылы жолдауды қамта­масыз етеді. Бөлімге келген сұраныс хаттар бойынша уақытында жауап қайтарады. Ком­пьютермен жұмыс жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын не­гізгі талап: Білімі жоғары және арнаулы орта. Арнаулы орта болған жағдайда кәсіби біліктілігі және еңбек тәжірибесі болуы шарт. Компьютерде «Excel», «Word»- та жұмыс істей білуі. «Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарландыру жария­ланған күннен бастап, төмендегі құжаттарды тапсырады: 1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көр­се­тілген конкурсқа қатысу туралы өтініші; 2. Жеке басын куәләндыратын құжаттың көшірмесі; 3. Толтырылған кадрларды есепке алу жө­нін­дегі жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп); 4. Лауазымға қойылатын біліктілік талап­тарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6. Медициналық куәләндырудан өткені ту­ра­лы құжат: Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін «Бейнеу аудандық жер қатынастары бө­лімі» мемлекеттік мекемесіне конкурстық ко­миссиядан өтеді. Конкурс ашық түрде 2-орынға өткізіледі. Санаты - G-13. Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн. Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжиев көшесі, аудандық әкімдік ғи­ма­раты, 2 қабат. Анықтама алу үшін телефон 8 (72 932) 2-12-35 , 2-20-84