«Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі» конкурс жариялайды

0
1255

Функционалдық міндеті:
Мемлекеттік қызметте болып алдын-ала болжам жасай алатын, ұйымдастыру, қадағалау жұмыстарын білетін, қабілеті мен әдістерін бі­летін, ұжым арасында тіл табыса білетін, халық­пен сөйлесу қабілеті бар, жағдайға бейімделгіш, білімін көтеруге ынталы, саналы болу, жер қа­ты­настары бөлімінің қызмет көрсету нысанда­ры­ның саясатын іске асыру шараларын ұйым­дастыру.
Электрондық үкімет бағдарламасын халық­қа қызмет көрсететін кәсіпорындарда іске асы­ру мақсатында оның жұмысын ұйымдас­тыру және үйлестіру.
Бөлімнің кіріс және шығыс журналдарын, шаруашылық кітаптарымен жұмыс жүргізеді. Жер учаскесіне рәсімделген сәйкестендіру құжаттарын тіркеу және халыққа қызмет көр­сету орталығына уақытылы жолдауды қамта­масыз етеді. Бөлімге келген сұраныс хаттар бойынша уақытында жауап қайтарады. Ком­пьютермен жұмыс жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын не­гізгі талап:
Білімі жоғары және арнаулы орта. Арнаулы орта болған жағдайда кәсіби біліктілігі және еңбек тәжірибесі болуы шарт. Компьютерде «Excel», «Word»- та жұмыс істей білуі.
«Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарландыру жария­ланған күннен бастап, төмендегі құжаттарды тапсырады:
1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көр­се­тілген конкурсқа қатысу туралы өтініші;
2. Жеке басын куәләндыратын құжаттың көшірмесі;
3. Толтырылған кадрларды есепке алу жө­нін­дегі жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);
4. Лауазымға қойылатын біліктілік талап­тарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. Медициналық куәләндырудан өткені ту­ра­лы құжат:
Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін «Бейнеу аудандық жер қатынастары бө­лімі» мемлекеттік мекемесіне конкурстық ко­миссиядан өтеді.

Конкурс ашық түрде 2-орынға өткізіледі. Санаты – G-13.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн.

Мекен-жайы:
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжиев көшесі, аудандық әкімдік ғи­ма­раты, 2 қабат. Анықтама алу үшін телефон 8 (72 932) 2-12-35 , 2-20-84

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз