«Ақ жол» партиясы Аманжан Рысқалидың мүшелігін тоқтатты

  Аманжан Рысқалидың «Ақ жол» пар­тиясы мен оның Президиумындағы мү­ше­лігі тоқтатылды. Мұндай шешімді жа­қында «Ақ жол» ҚДП-ның Прези­диумы қылмыс жасады деген айыптау бойын­ша оны қамауға алуға бір күн бұ­рын №2 Атырау қаласының сотымен бе­ріл­ген санкцияға байланысты қа­был­дады. «Ақ жол» ҚДП Жарғысының 22.2 (Пар­тияны жаманатқа қалдыратын әре­кеттер жасағаны үшін Орталық кеңестің Президиумының шешімі бо­йынша Пар­тиядағы мүшелікті тоқтату) және 36.5 ба­бының (Партияның Ор­талық кеңе­сі­нің Президиумының құ­зыреті ту­ралы) негізінде «Ақ жол» ҚДП Орталық ке­ңесі­нің Президиумы Аманжан Сәу­ле­байұлы Рысқалидың «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің Президиумындағы жә­не партияның өзіндегі мүшелігін ТОҚТАТТЫ», – деп хабарлады партия төрағасы Азат Перуашев. Сонымен бірге, партия басшы­лығы­ның пікірінше, Аманжан Рысқали өзіне айып тағылып отырған қылмыс­тарға қа­тысты сотпен кінәлі деп таныл­ған жағ­дай­да, Президиум оны партия­дан тіке­лей түрде шығару туралы мәсе­лені қа­рас­тырады. «Бүгін, кінәсіздік презумпциясы ұстанымын басшылыққа ала отырып, біз оны партиядан тікелей түрде шы­ғарып тастауды этикаға жатпайды деп таптық. Алайда сот шешімі шыққаннан кейін, кез келген жағдайда партия оның мүше­лігі туралы да соңғы ше­шімді қабыл­дайды», – деп атап өтті Перуашев. «Рысқалидың өзі Президиум оты­ры­сына тағы да қатысқан жоқ, біз онымен байланыса алмай отырмыз. Бұл оның пар­тиядағы мүшелігін тоқта­туға қосым­ша фактор болды», – деп толықтырды ол.  Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі