ӘКІМ АҚЫНДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

  Жерлесіміз, дарынды ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Мәдениет қай­раткерi, «Құрмет» орденінің иегері, «Жас қа­зақ үнi» газетiнiң Бас директоры Қазыбек Иса­ның 50 жасқа толуына орай М.Шаханов пен Т.Медетбек бастаған бір топ ақын-жазу­шылар Оңтүстік Қазақстан облысының Шар­дара, Арыс, Отырар аудандарында болып, киелі Арыстанбапқа түнеп, қасиетті Түркі­станнан тілеп, жыр кештерін өткізгені белгілі. 21 қыркүйекте облыс орталығы Шымкент қа­ла­сында болып өткен кездесу кешi алдында Қазыбек Исаны облыс әкiмi А.Мырзахметов арнайы қабылдап, құттықтады. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филар­монияда дүркіреп өткен жыр кешiне белгiлi қаламгерлер Д.Исабек, К.Әмірбек, М.Байғұт, Қ.Бегманов, сазгер Қ.Құрманәлі, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасы орын­ба­сары, ОҚО филиалы жетекшісі А.Орман, Социалистiк Еңбек Ерi Б.Шүкiрбеков, об­лыс­тық мәслихат депутаты Ө.Мелдехановтар қа­тысып, ақынға ақ тілегін ақтарды. Облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Әлиев мерейгерге об­лыс әкiмiнiң Құрмет грамотасын табыс етіп, шапан жауып, сый-сияпат тапсырды. Ақын тойы Алматыда жалғасын табады.   Өз тiлшiмiзден,   Оңтүстік Қазақстан облысы