КОНКУРС

«Бейнеу аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бөлімнің инспекторы есепші қызметіне (1 орын) ашық конкурс жариялайды (санаты G-10) Функционалдық міндеттерi: Мемлекеттiк қызметте болып халықпен қарым-қатынаста жұмыс жасаған, алдын-ала болжам жасай алатын, ұйымдастыру, қадағалау жұмыстарын бiлетiн, қабiлетi мен әдiстерiн бiлетiн. Ұжым арасында тiл табыса бiлетiн, халықпен сөйлесу қабiлетi бар, жағдайға бейiмделгiш, бiлiмiн көтеруге ынталы, саналы болу, тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсету нысандарының саясатын iске асыру шараларын ұйымдастыру. Электрондық үкiмет бағдарламасын халыққа қызмет көрсететiн кәсiпорындарда iске асыру мақсатында оның жұмысын ұйымдастыру және үйлестiру. Бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық есепті жасау және ұсыну. Еңбек келісім шартын, табельдерді, зейнетақы есептеуді, барлық еңбек ақы түрлерін есептеу және уақтылы игеруді қамтамасыз етеді. Компьютермен жұмыс жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Білімі жоғары немесе арнаулы орта. Компьютерде «Ехсеl», «1C»- те «Word» -та жұмыс істей білуі Конкурсқа қатысушылар: «Бейнеу аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне хабарландыру жарияланған күннен бастап, төмендегі құжаттарды тапсырады: 1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші; 2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3. Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп); 4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6. Медициналық куәландырудан өткені туралы құжаты. Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін «Бейнеу аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне конкурстық комиссиядан өтеді. Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу туралы хабарлан­дыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн. Конкурсқа қатысу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжиев көше­сі, аудандық әкімдік ғимараты, 2 қабат Анықтама алу үшін телефон 2-22-73