«Ақ жол» Атырауда ауызашар беріп, Ерейментауда еңбеккерлермен кездесті

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалы орталық «Иманғали» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне 150 адамға ауызашар ұйымдастырды. Алдымен орталық мешіттің наиб имамы Ержан Қағазғалиев ата-баба рухына Құран бағыштап, жерімізге тыныштық, елімізге амандық, болашақ жастардың жүрегіне иман нұры ұялай беруін тілеп дұға қайырды, құран оқылды.

Қасиетті айда Аллаһқа құлшылық етуді, ауызашар беріп, көпшіліктің ризашылығын, батасын алуға ниеттенгендіктерін білдірген «Ақ жол» ДП Атырау облыстық филиалы төрағасы Ермекқали Юсупов Алла Тағаланың парызын орындап ораза ұстап жүрген адамдарға ниеттерінің қабыл болуын тілеп,  қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жақсылықтар тіледі. Ауызашар барысында кезектесіп сөз алған адамдар ризашылығын білдірумен қатар, халқымыздың қонақжай, мейірбан, ізгі қасиеттерін дәріптеп, жастардың бойына сіңіру, ауызашар дәстүрінің олардың береке-бірлігін арттыру, ұйымшыл, қоғамшыл, кешірімшіл болып тәрбиеленуіне орасан мол ықпал ете алатыны жайлы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, асыл дініміз Исламның құндылықтары, қасиетті Рамазан айының хикметтері мен ораза ұстаудың және ауызашар беру, ауыз аштырудың сауабы туралы кең көлемде уағыз-насихат айтылып, ақсақалдар алғыс-баталарын берді. Ауызашар ұйымдастырушылардың асыл дініміздің құрметіне орай, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін ұлықтап, Алла ризашылығы үшін көрсеткен жақсы ниеті, жылы қабағы, ақ пейілдеріне келушілер де қош көңілмен риза болып тарқасты.

 "Ақ жол" ҚДП Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі

 Азат Перуашев Ақмола облысындағы Ерейментау ауданының сайлаушыларымен кездесті

  «Ақ жол» партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Ақмола облысындағы Ерейментау ауданының сайлаушыларымен кездесті Кездесуде Азат Перуашев сайлаушыларды партия қызметі мен ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Фракция жұмысының алғашқы нәтижелері туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ жиында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаладан туындайтын Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмаларын орындау бойынша «Ақ жол» партиясының ұсыныстары талқыланды. «Байлар мен кедейлер арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты қысқартумен, әділ сот төрелігін қамтамасыз етумен, жемқорлыққа қарсы тұрумен, жаппай кәсіпкерлікті дамытумен, банктердің тәбетін шектеумен және т.б. байланысты біздің ұсыныстарымыз ақыр соңында ұсынылған Бағдарламаны тиімді жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған», - деп «Ақ жол» партиясының төрағасы атап өтті. Мәжіліс депутаты сайлаушылардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Кездесуге қатысқан Малтабар ауылының тұрғындары мешіт құрылысына арнап жер телімін алуға жәрдемдесу туралы  өтініштерін білдірді. Сонымен қатар тұрғындар Ерейментау қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға арналып салынып жатқан асхана құрылысының аяқталуына қатысты мәселелер көтерді. Ал көп балалы жас отбасы баспана алу жолында көмек көрсетуді сұрады. «Біз осы үшін Парламентте отырмыз және Қазақстан халқының алдындағы өзіміздің міндеттерімізді орындау бойынша әрі қарайғы іс-әрекетімізді осындай кездесулер барысында толығырақ нақтылай алатынымызға үміттіміз», - деп сендірді Азат Перуашев.

  Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі