Елге – тағзым

0
756

img_0223

Жыл сайынғы ақпан ай­ында Оңтүстік Қазақстан обылысындағы жоғарғы оқу орындары мен мек­тептерде «Елге – тағзым, ағаларға – құрмет» де­ген тақырыпта ашық сабақтар мен кездесу­лер өтіп тұрады. Осыған орай, жақында ғана тіркелмеген «Алға!» халықтық партиясының облыстық бөлімшесінің төрағасы Жеңіс Досжа­нов пен Ауған соғысынан мүгедек боп қайтқан жауынгерлер ұйымының жетекшісі Бақытжан Тәжімбетов екеуі кезінде өздері оқып, тәлім-тәрбие алған Ораз Жандо­сов атындағы қалалық №30-шы орта мектепте үлкен кездесу өткізіп, жасөспірімдермен бірге аталмыш мектепке есімі берілген қазақтың айтулы ұлы Ораз Жандосовтың бейітінің басына барып, құран оқытып, аруағына тәу етіп қайтты.

Ұрпақ үшін үлгі тұтар тәрбиелік мәні жоғары дәрежеде өткізілген бұл ша­раны ұйымдастырушылармен оның қадірлі қонақтарына алғыс айта сөйлеген мектеп директоры О.Сергеевнамен 10в сынып жетекшісі Т.Ешматовалар алдағы уақытта да мектеп оқушыларының елі мақтан тұтқан жауын­гер азаматтермен байланы­ста болғысы келетіндіктерін айтып, ықылас танытып отырғандықтарын білдірді.

Мектептегі музей экс­понаттарымен танысып, альбомға өз қолтаңбаларын қалдырып, мектеп ұжымымен бірге суретке түскен ардагер жауынгерлер мектеп тари­хына тағы да бір жаңа парақ қосып, олармен ырза көңілде қоштасы.

Дәл осындай кездесу 8-ші сынып жетекшісі Еділбаева Бағланның ұйымдастыруымен Әбділдә Тәжібаев атындағы №47-ші орта мектепте де болып өтті. Ашық сабақ әдістемелігімен өткізілген мұндай кездесулердің елі ардақ тұтар аға буын мен жасөспірімдер арасында табиғи үйлесімділік пен сыйластыққа шынайы жол ашары сөзсіз.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз