АҚШ пен УКРАИНА және БТА банкі

0
738

Алматы, 4 март 2010 ж. Алма­ты қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотының банктің қаржылық қарыздарын қайта құрылымдау тура­лы ісі шетелдегі жүргізілген (АҚШ) сот істерінің ішіндегі негізгісі деп танылды.

Аталмыш Бұйрық 2010 жылдың 2 наурызында АҚШ-тың Нью-Йорк штатының Оңтүстік округі құзырындағы сотқа қаржылық дәрменсіздік мәселелерін рет-тейтін заңдылықтарына («АҚШ заңдарының банкроттық туралы жинағының» 15-бабы) сәйкес жүзеге асырылды.

Осының негізінде БТА Банктің қайта құрылымдау үдерісі АҚШ аумағында заңды деп танылды. АҚШ сотының бұл бұйрығы БТА Банктің АҚШ-тағы активтері мен БТА Банктің қарыздарын қайта құрылымдау үдерісін қиындататын кез келген іс-әрекеттен заңдық тұрғыда қорғауды қамтамасыз етеді.

Осының алдында БТА Банктің қаржылық қарыздарын қайта құрылымдау үдерісін Украина және Англия мен Уэльс ау-мағында заңды деп тану жайында хабарланған болатын. БТА Банк өзінің активтерін шетелдік құқық өкілеттілігі тарапынан заңдық тұрғыда қорғау банктің қайта құрылымдау жоспарының тиімді түрде жүзеге асуына өз септігін тигізетіндігіне кәміл сенеді.

БТА Банк қарыздарын қайта құрылымдау үдерісі 2009 жылы Қазақстан Республикасының қайта құрылымдау мәселелері жөнін-де қабылданған заңдылықтары шеңберінде басталды. 2009 жылдың 16 қазанында Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты БТА Банктің қарыздарды қайта құрылым-дау туралы өтінішін негізді әрі Қазақстан Республикасының бар-лық заңдық талаптарына сәйкес деп таныды. 2009 жылғы 7 жел-тоқсанда Лондонда БТА Банк пен Кредитор­лар комитеті БТА Банктің қаржылық қарыздарын қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық шарттары туралы келісімге қол қойылды.

Киевтің Соломенский аудандық соты БТА Банктің қайта құрылымдау үдерісін Украина аумағында заңды деп таныды. 2009 жылдың 16 қазанындағы Алматы қаллаық Мамандандырылған қаржылық сотының БТА Банктің қайта құрылымдау туралы шешімінің Украина аумағында заңды деп танылғандығын хабарлады. Соған сәйкес Киевтің Соломенский аудандық сотының шешімі 2010 ж. 17 ақпанда шығарылып, 2010 жылдың 23 ақпанында заңды күшіне енді.

Украин сотының 2002 жылдың 7 қазандағы бұл шешімі ТМД-ның он мемлекеттерінің арасында Мол­дова Республикасының Кишинев қаласында «Азаматтық, отбасылық және қылмыскерлік істер бойынша құқылық көмек және қарым-қатынас туралы» конвенцияның талаптарына сай негізделді.

Осыған орай, БТА Банктің қаржылық берешегін қайта құрылымдау үрдісінің тиімді аяқталуына кедергі келтіруі мүмкін үшінші жақтағы тұлғалардың кез келген іс-әрекетінен және шетелдік құқылық өкілеттілігі өз активтерін заңды түрде қорғау үшін БТА Банк дәйекті жұмысын өткізеді.

БТА Банк 2010 жылдың 5 ақпанында Нью-Йорк штатының оңтүстік округіндегі (АҚШ) құзырындағы сотқа дәрменсіздік істері бойынша банктің қаржылық қарыздарын қайта құрылымдау үдерісін АҚШ аумағында заңды деп тану үшін өтініш түсірді. Қазіргі уақытта БТА Банктің өтініші АҚШ сотының қарауына берілді.

2009 жылдың 16 қазанында өткен Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты БТА Банктің қарыздарды қайта құрылымдау туралы өтінішін негізді әрі Қазақстан Республикасының барлық заңдық талаптарына сәйкес деп таны­ды. 2009 жылы 7 желтоқсанда Лондонда БТА Банк пен Кредиторлар комитеті БТА Банктің қаржылық қарыздарын қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық шарттары туралы келісімге қол қойды.

Казақстан мен Украина біріккен аталмыш конвенцияға Әзірбайжан, Армения, Бела­русия, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Тәжікістан мемлекеттері қол қойды.

 

Өз тілшімізден

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз