Республикалық «болашақ баспагер-редактор» байқауының ережесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкімдігінің, республикалық ақпарат құралдары мен баспалардың қолдауымен мектеп және колледж оқушылары арасында өтеді.

Байқаудың мақсаты:

- Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру;

- Олардың баспа ісі жөніндегі түсінік-танымын кеңейту;

- Кітап дайындау, шығару, тарату кәсібіне баулу;

- Баспа бизнесімен айналысуға жол ашу;

- Баспа ісі және редакциялау мамандығына қызығушылығын ояту.

Байқаудың шарттары:

- Байқауға мектептер мен колледждерде оқитын барлық оқушылар қатыса алады.

Қатысушылар үш сынақ бойынша жарысқа түседі:

1. Шығармашылық сынақ (мұнда еркін тақырыпқа шығарма жазу ).

2. Безендік (дизайн) сынақ (мұнда қатысушы өз еркімен қалауы бойынша кітап мұқабасын немесе журнал беттерін түрлі-түсті бояу қарындаштарымен безендіреді).Талапкер өзімен бірге маркер, түрлі-түсті қарандаш ала келуі керек.

3. Редакторлық-корректорлық сынақ (мұнда қатысушы алдын-ала берілген мәтіннің стилистикалық және грамматикалық қателерін түзейді)

Байқаудың өтетін мезгілі: 2010 жыл, 25 наурыз. Байқаудың өтетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жур­налистика факультеті

Байқауға қатысушылар үшін баспа өнімдерінің көрмелері, кітап безендіруші мамандардың шеберлік сағаты, әйгілі баспагерлердің шеберлік сағаты ұйымдастырылады.

Байқауға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы шақырылады.

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен мара­патталады. Ең үздік жеңімпаз егер, «баспа ісі» мамандығы бойынша оқуға түссе, бір жылдық шәкірт ақыға ие болады.

Байқауға қатысушы оқушылар наурыздың 15-іне дейін өзі және мектебі, жетекшісі тура­лы мәліметтерді және суретін, жеке куәлігін (көшірмесін) мына мекен-жайға жіберуі тиісті: S_medeu@mail.ru; MubarakK@mail.kz.

 

Байланыс телефондары:

377-33-40 (ішкі 1348);

ұялы тел.: 8 701 490 89 90.