Шымкент әкімі - Оңтүстік Қазақстан облысының ең бай шенеунігі
2012 ж. 28 маусым
1827
0

Акция қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының ең бай шенеунігі ретінде Шымкент қаласының әкімі Қайрат Молдасейітов танылған. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Молдасейітовтың жылдық табысы 316,2 миллион теңге және 3,9 миллион долларды (582 миллион теңге) құраған. Сонымен қатар, әкім өз атында жер телімінің бар екенін де көрсетіпті.
Ал, байлар тізімінің екінші сатысында облыстың бас сәулетшісі Бақытжан Әшірбеков тұр. Оның тапқан табысы — он миллион теңге. ОҚО-ның Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаров болса 8,6 миллион теңгесімен үштікті қорытындылапты.
Айта кетейік, аталмыш шара барысында өздерінің табыстарын Оңтүстік Қазақстан облысының көптеген шенеуніктері жариялаған болатын.
Айтпақшы, осындай шара аясында бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысының әкімі жеке баспанасы жоқ екенін жариялаған еді.