«Ақ жол» партиясы филиалының жаңа төрағасы – Анарбек Орман.

0
913

Оңтүстік Қазақстан облысында «Ақ жол» партиясы филиалының жаңа төрағасы сайланды

 «Ақ жол» ҚДП-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының жаңа төрағасы болып белгілі кәсіпкер, жергілікті бизнес-қауымдастықтың көшбасшыларының бірі Анарбек Орман сайланды. Мұндай шешім 23 маусым күні Шымкент қаласында өткен партияның облыстық конференциясында қабылданды.

Басқа қызметке ауысуына байланысты филиалдың бұрынғы төрағасы Әбдірахман Жүнісәлиев өз еркі бойынша конференция шешімімен қызметінен босатылды.

Конференция жұмысына партия төрағасы Азат Перуашев, депутат Алмас Тұртаев, ОК-тің хатшылары Талғат Ерғалиев пен Әбдіразақ Сұлтанов, партияның облыстық активі қатысты.

А.Перуашев конференция қатысушыларына Фракцияның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі қызметінің алғашқы қорытындылары туралы айтып өтті, сондай-ақ өткен парламент сайлауындағы партия жеңісіне ерекше үлес қосқан белсенділерге төс белгілерді табыстады.

Анарбек Орман – 1952 жылы дүниеге келген, Оңтүстік Қазақстан облысының белгілі қоғам қайраткері, бұрын әртүрлі өндірістік және мемлекеттік құрылымдарға басшылық еткен. Атап айтқанда, Шымкент қаласының  әкімі болып екі рет тағайындалған  және АШМ Су ресурстары комитеті төрағасы болып істеген.  Қазіргі кезде ірі кәсіпкер, «Водоканал» ЖШС-нің бас директоры.

 Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

2012 жылғы 25 маусым,

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз