ТӨЛЕГЕНГЕ ОРАЛУ

351

Соңғы кезде қазақ поэзиясына соны леп әкелген Төлеген Айбергеновке оралу керек деген ойға келдім.

Оралу дегенім – қазіргі жастардың оның шығармашылық ізденгіштігінен үйренсе дегенім. Әйтпесе «болмай жатып Белин­ский, толмай жатып Толстой болғандар» (М. Әуезов) өзінен басқаны жазушы, ақын санамайтын, өзіне дейінгінің бәрін жоққа шығаратын дүмбілез «жұлдыз ақындар» көбейіп, арам шөптей қаулап, таза әдебиетті шырмауықтай шырмап барады.

Саламатсың ба, жас достым! Тірлігім бәз-баяғыша. Тек әдебиетке құштарлығым арта түсті.

...Станислав Лемнің фантастикасымен галактикаға да ұшып көрдім. Жуырда И. Буниннің Чехов туралы естелігін оқып шықтым. Үйретері көп. Достоевский ал­пауыт Бальзакты түгел оқыған деседі. Мен үш-ақ романын еңсердім. Чеховтың «В овраге» атты әңгімесі жадыңда ма? Енді, сұмдық! Сондай ғажап дүниенің бар-жоғын білместен, Липа сықылды бейшара да әсем «қыздың» нала-мұңын сезбестен қалай жер басып жүргенмін: аз білгенімді көпсініп күмпиюмен болыппын.

Әнеу күндері ептеп Саттарды оқыдым. Білімі көл-дария ғой, шіркіннің. Еңбеккештігін ауызға алмасақ та мақұл. 23 жас. Байқасам, Саттарды Саттар еткен та­лантынан да гөрі жаңағы екі артықшылығы сияқты. Жұлдыздардың ерте сөнетіні жа­ман. Бейімбетті оқып шұбырған сілекейімді әлі жинай алмай жүрмін. Жас, талантты қазіргі кейбір жазушылар Бейімбеттің тым сирек стилистикалық кедір-бұдырларын көргіш, мұрнын шүйіреді. Түсінбеймін, қайта үйрену керек емес пе?! Бейімбет пен Шукшин екі түрлі топырақта өскен бір жеміске ұқсайды.

Мен тілге мін таққыш сыншыл әдебиетші, ғалымдарға да түсінбеймін. Ә. Болғанбаев, М. Балақаев Тәкенге тиіскен еді, басқалары Дулаттың тілін ілмелеген.

Сонда, Оңтүстік диалектісін Әуезовтің кейіпкерінен басқа жазушылар қолдануына болмай ма? Мәселен, ұлы Мұхтар «Өскен өркенді» не үшін жазды деп ойлайсың? Ал оны менің ішім сезеді, Мұхаң, кемеңгер кісі, нақ өмірінің соңғы жылдарында ғана оңтүстік қазақтарының шұрайлы тілін білді. Бәлкім, бұрыннан да білген шығар, бірақ, ол кезде оның бұған көңіл аударуға мұршасы болған жоқ. Сондықтан да ол соңғы жылдарда Шым­кент жаққа жиі келгіштеді. Тілін үйренді, халқының дүние-таным, тыныс-тіршілігін зерттеді. Сөйтіп, «жүдәсі» бар ма, басқасы бар ма, бәрін-бәрін «Өскен өркенде» қалай пайдаланды! Мұның өзі әдебиетшілерді ғана емес, тіл білімі ғалымдарын да ойлан­дыруы тиіс еді. Әр ғалым өз әдеби тіл нор­масын жасағанынан тек ұтыламыз. Менің ойымша, оңтүстік ақындары үйренген На­уаи, Низами, Физули түркі халықтарының ортақ шайырлары болғандықтан, олар­дан үйренген халық ақындары оларша сөйлемей тұра алмады. Олардан Абайдан соң терең үйренген Төлеген ғана...

Шойынқұлақтың жаны киіктің ішіндегі сандықта болса, ақындардың жаны өлеңінде деп білем. Мұхтар Шахановпен кездесуде ол Поэзия туралы өте жақсы әңгімелер айтты. Менің оқырман ретінде пікірім мынау.

Ақындық – құр ұйқас пен жылтыр, жауыр, жаттанды, әсіре-қызыл, әсемпаз сөздер емес, оған сонымен бірге мағына да керек қой. Мағына болғанда жеңіл-желпі, арзанқол, жадағай желең қабаты емес, терең де мазмұндысы қажет. Мен о баста жаңа поэзияны оқуды Төлеген мен Қадырдан бастадым. Содан соң, Мұқағали мен Мұхтарды қостым. Байқадың ба, ойшылдарын, пәлсапашылдарын ұнататынымды. Кейінгілерден Жұматай, одан да гөрі, Есенғали ұнайды. Өз ақылыңа, өз күшіңе сенгенге не жетсін, шіркін?

Адамдар бірін-бірі түсінуі керек. Түсінісуде – кітаптың орны ерекше деп ой­лаймын. Кітап оқымайтындар – түсініксіз құрбандықтарға барады. Сондықтан, бүкіл білімді бойына жиып болып, өзін өртетуге мүмкіндік берген ақылды Бруноны да түсінуіміз керек болар, бәлкім. «Өтірік пен шындықтың арасы төрт-ақ елі» демекші, ақымақ пен ақылдының арасы да сондай көрініп кетеді кейде. Әр кеудеде – бір қиял. Әркім бақытты өзінше түсінеді. Дегенмен

Соңғы кезде қазақ поэзиясына соны леп әкелген Төлеген Айбергеновке оралу керек деген ойға келдім.

Оралу дегенім – қазіргі жастардың оның шығармашылық ізденгіштігінен үйренсе дегенім. Әйтпесе «болмай жатып Белин­ский, толмай жатып Толстой болғандар» (М. Әуезов) өзінен басқаны жазушы, ақын санамайтын, өзіне дейінгінің бәрін жоққа шығаратын дүмбілез «жұлдыз ақындар» көбейіп, арам шөптей қаулап, таза әдебиетті шырмауықтай шырмап барады.

Саламатсың ба, жас достым! Тірлігім бәз-баяғыша. Тек әдебиетке құштарлығым арта түсті.

...Станислав Лемнің фантастикасымен галактикаға да ұшып көрдім. Жуырда И. Буниннің Чехов туралы естелігін оқып шықтым. Үйретері көп. Достоевский ал­пауыт Бальзакты түгел оқыған деседі. Мен үш-ақ романын еңсердім. Чеховтың «В овраге» атты әңгімесі жадыңда ма? Енді, сұмдық! Сондай ғажап дүниенің бар-жоғын білместен, Липа сықылды бейшара да әсем «қыздың» нала-мұңын сезбестен қалай жер басып жүргенмін: аз білгенімді көпсініп күмпиюмен болыппын.

Әнеу күндері ептеп Саттарды оқыдым. Білімі көл-дария ғой, шіркіннің. Еңбеккештігін ауызға алмасақ та мақұл. 23 жас. Байқасам, Саттарды Саттар еткен та­лантынан да гөрі жаңағы екі артықшылығы сияқты. Жұлдыздардың ерте сөнетіні жа­ман. Бейімбетті оқып шұбырған сілекейімді әлі жинай алмай жүрмін. Жас, талантты қазіргі кейбір жазушылар Бейімбеттің тым сирек стилистикалық кедір-бұдырларын көргіш, мұрнын шүйіреді. Түсінбеймін, қайта үйрену керек емес пе?! Бейімбет пен Шукшин екі түрлі топырақта өскен бір жеміске ұқсайды.

Мен тілге мін таққыш сыншыл әдебиетші, ғалымдарға да түсінбеймін. Ә. Болғанбаев, М. Балақаев Тәкенге тиіскен еді, басқалары Дулаттың тілін ілмелеген.

Сонда, Оңтүстік диалектісін Әуезовтің кейіпкерінен басқа жазушылар қолдануына болмай ма? Мәселен, ұлы Мұхтар «Өскен өркенді» не үшін жазды деп ойлайсың? Ал оны менің ішім сезеді, Мұхаң, кемеңгер кісі, нақ өмірінің соңғы жылдарында ғана оңтүстік қазақтарының шұрайлы тілін білді. Бәлкім, бұрыннан да білген шығар, бірақ, ол кезде оның бұған көңіл аударуға мұршасы болған жоқ. Сондықтан да ол соңғы жылдарда Шым­кент жаққа жиі келгіштеді. Тілін үйренді, халқының дүние-таным, тыныс-тіршілігін зерттеді. Сөйтіп, «жүдәсі» бар ма, басқасы бар ма, бәрін-бәрін «Өскен өркенде» қалай пайдаланды! Мұның өзі әдебиетшілерді ғана емес, тіл білімі ғалымдарын да ойлан­дыруы тиіс еді. Әр ғалым өз әдеби тіл нор­масын жасағанынан тек ұтыламыз. Менің ойымша, оңтүстік ақындары үйренген На­уаи, Низами, Физули түркі халықтарының ортақ шайырлары болғандықтан, олар­дан үйренген халық ақындары оларша сөйлемей тұра алмады. Олардан Абайдан соң терең үйренген Төлеген ғана...

Шойынқұлақтың жаны киіктің ішіндегі сандықта болса, ақындардың жаны өлеңінде деп білем. Мұхтар Шахановпен кездесуде ол Поэзия туралы өте жақсы әңгімелер айтты. Менің оқырман ретінде пікірім мынау.

Ақындық – құр ұйқас пен жылтыр, жауыр, жаттанды, әсіре-қызыл, әсемпаз сөздер емес, оған сонымен бірге мағына да керек қой. Мағына болғанда жеңіл-желпі, арзанқол, жадағай желең қабаты емес, терең де мазмұндысы қажет. Мен о баста жаңа поэзияны оқуды Төлеген мен Қадырдан бастадым. Содан соң, Мұқағали мен Мұхтарды қостым. Байқадың ба, ойшылдарын, пәлсапашылдарын ұнататынымды. Кейінгілерден Жұматай, одан да гөрі, Есенғали ұнайды. Өз ақылыңа, өз күшіңе сенгенге не жетсін, шіркін?

Адамдар бірін-бірі түсінуі керек. Түсінісуде – кітаптың орны ерекше деп ой­лаймын. Кітап оқымайтындар – түсініксіз құрбандықтарға барады. Сондықтан, бүкіл білімді бойына жиып болып, өзін өртетуге мүмкіндік берген ақылды Бруноны да түсінуіміз керек болар, бәлкім. «Өтірік пен шындықтың арасы төрт-ақ елі» демекші, ақымақ пен ақылдының арасы да сондай көрініп кетеді кейде. Әр кеудеде – бір қиял. Әркім бақытты өзінше түсінеді. Дегенмен  сен секілді адамдар көп болғанымен, нақ сен тәрізді ақындар некен-саяқ екенін айдан ақиқат етіп дәлелдеу керек, досым! Сондықтан, ойларымды саған жазып от­ырмын. Сен білесің бе, кейінгі күндері мен өз-өзімді ұнатпай бара жатқан секілдімін. Түктің есебін таппайтын құдай аманат біреумін-ау тегі. Бірақ, ойласаң, сабадағы қозғалған қымыздай ақыл пісе бер­мек. Ойсыз өмір – қамсыз өмір. Қамсыз өмір – шамсыз өмір. Не де болса шамға ұмтыла берейік те? Қараңғылықта бар-жоғың білінбей өткенше, жынды көбелек-пәруанадай бір жалт ете алсақ та жақсы екен-ау. Мысалы, Төлеген Айбергенов сияқты. Осындай асқақ ойлардың артын­ша есіме Илья Ильич Обломов және оның неміс досы түсіп өзімнен өзім ұяламын. Мұнан кейін сол жалқауға ұқсатамын да қоямын бар тірлігімді.

Дегенмен, ұлы Чеховтың: «Біз бүгінде жаза білу дегенді ақ қағаздың бетін сөйлемге толтыра білу деп жүрміз. Ал шынында жаза білу дегенміз – сол сөйлемдердің ішіндегі жарамсыздарын сыза білу» - деген өсиетін  ұмытпасақ  екен...

Баспасөздегі жас әдебиетшілердің аяқалысы мен аста-төк, өзді-өзін классик санап, бір-бірін мақтаған көбік сөздері бұрын да көкейде қордаланып жүрген көп ойға қозғау болды. «Уақыт бәрін алып кетеді, жылдар тізбегі есімді де, сыртқы пішінді де, мінез-құлық пен тағдырды да өзгертеді» депті Платон. «Жоқ, олай емес» деп Уақыт туралы ақиқатқа мойынсынбай алғашқы махаббат сезімін қорғағандай жанұшырып – жас кезде құмартқан жақсылықтарыңды қорғағың келеді. Қазақ халқының аяулы ақындарының бірі Төлеген Айбергеновтің тағдырын еске сондықтан аламын. Ол өзіміздей жастардың, қазіргі елудегілердің студент кезде жатақхана жарығын сөндірмей, жастық астында сақтап, құмарта оқыған Төлеген жырына деген ғашықтықтарының әлі де суымағандығынан болар?! Деген­мен, найзағай-ғұмыр, қысқа өмір иесін – Ақынды жынды көбелекке теңеуіме оны сүйген сенің жүрегің келісе қоймас. Жә, мәселе теңеуде деймісің?! Төлеген есіміне қатысты барлық нәрсе белгілі емес. Кез-келген жалқау қазаққа дайын­дап берсең зор талант иесі сияқты оның өмірі сондықтан қызықты: жұртшылыққа  танылмаған өлеңдері қосылған толық жинағы «Жазушы» баспасынан «Бір той­ым бар» деген атпен жарыққа шыққанын көріп қуанып едім. Бірақ, «Әуезов өлген жоқ» деген өлеңін одан көрмедім де тағы да екіұдай ойда қалдым. Неге біздер, қазақтар Абай, Қасым, Төлеген кітаптарын қалай болса солай қате-қате, көріксіз шығарамыз?!

Біздің қазаққа таланттылардың өміріне қатысты титімдей белгіні теберіктей көріп қастерлеу қасиеті дарымай-ақ келеді. Ақансерінің қабірін, Құрманғазының бейітін, Қажымұқанның үй, мұражайын жөндеу, жәдігерлерді жөндеп сақтау ту­ралы айта-айта ауыз ауырды, жаза-жаза қол жауыр болды. Жамбылдың даусын магнитофон таспасына жазып алып қалмағанымызға енді өкініп жүргеніміз сияқты хас таланттардың өміріне қатысты елеулі нәрселердің көбі елеусіз қалып бара жатқаны жанға батады. Ақселеу аға ән салдырып, талдап әңгімелеген Жәнібек Кәрменов даусының үстіне теледидар­да лента жетпегендіктен хабар жазып  жіберіпті.  Әрине, бұл мәселеде көбейтіп  мысал келтіріп айта беруге болар еді. Мың сөзден бір іс артық. Шөпті қалай орамыз деп жиналыс жасағаннан гөрі, жиналғандардың шөпті орып тастағаны дұрыс қой.

Кезінде «Лениншіл жас» газеті Төлегеннің беймәлім жырлары мен күнделігін дайындап ұсынған жары Үрнисадан алып жариялағанда мың арманымның біреуі жүзеге асқандай қуандым. Мұқағали мен Төлеген күнделіктерін жариялағаны үшін «рухани» қартайыңқырап» кеткен «Лениншіл жа­сты» қаншалықты жақсы көргенімді сен түсінсең еді! Қалайда, тауып оқы! Кейін кітап болып шықты.

«Ақынның аты өлмейді» дейді халқымыз. Шынайы талант – мәңгілік ғұмыр. Төлегеннің өмірден көшкеніне біраз уақыт өтсе де есімі елімен бірге келе жатуы соған дәлел. Оның өлең өлкесіндегі құс жолындай нұрлы соқпағы кейінгі толқын-інілерге өшпес өнеге. Жастарды ақын мұрасы қашанда қызықтырып, өзіне тартып тұрады. Қалың оқырман қауым Төлегеннің отты ғұмырының шежіресіндей беймәлім күнделігі мен өлеңдерін өте жылы қабылдады. Ақын күнделігі толық нұсқасында тұңғыш рет жарық көріп отыр. Жазылғалы бері ондаған жылдар өткенімен Төлегеннің әдебиет жайлы ойла­ры құнын жоғалтқан жоқ.

Ақынның ендігі бір күнделігі жиырма үш күнгі өмірі, көңіл-күйі мен толғаныстары, жора-жолдастары ортасындағы күндері ту­ралы сыр шертеді. Ақын мұрасы – халық мұрасы. Таланттар туралы әр сөз, олардың әрбір ойы жас жүректерді тербетіп, сезімдерді тәрбиелейтіні ақиқат қой. Адал ойға жетелейді. Мынау қым-қуыт уақытта адал ой, таза пікірден асқан байлық жоқ. Ақынның қызы Салтанат дәл осы бағытта жұмыс істеп, әндер, фильмдер, кітаптар шығару үстінде. Төлеген айтпай ма: «Өзгеге қалай көрінетінін білмеймін, мен үшін ойлану мен қиялға берілу бүкіл өмірімнің бас қызығындай саналады. Осы аз өмірім ішінде ойланып өткізген уақыттарымды өз міндетін атқарып өткен, саналы өткен, даңқты өткен уақыт деп есептеймін. Сондықтан да мен ойлар үшін, ойлану үшін қанша уақытым кеткен болса да, ол үшін өмір бойы өкінбей өтем ғой деп ойлай­мын. Мен үшін өкініштісі сол, арзан күлкі мен болмашы ләззәтқа бола жылап кеткен алтын сағаттарым болса керек. Мен осы күнге дейін қаншама ойларды ойладым  десеңші! Соның бәрін де дер кезінде қағаз бетіне түсіре бергенде ғой – басқа үшін дүние болмағанмен өзіме көп пайдасын тигізер еді-ау, шіркін!» деп.

Ұлылық жасқа қарамайды. Асқақ ойлы ақынның қаршадай кезіндегі осы ойларының «Талант иелері уақытын өзін-өзі болашақ ұрпақ құрмет тұтатындай етіп пайдаланулары керек. Игілігіне ештеңе қалдырмасақ, ұрпақ біз жайлы не ойлай­ды?» деген Д. Дидроның пікірімен аста­сып жатқаны таңқалдырмай қоймайды. Төлеген өз ойын міндетті түрде құптауға тіпті де ұмтылмайды. Өйткені, ол ақиқатты жұрттың бәрі сырттай болмаса да іштей мойындайтынын жүрегімен сезеді. Төлегеннің «жұрт не десе о десін, мен адамға бір берілгенде құлай берілуді құптар ем. Менің ойымша құлай берілу, ессіз сүю – шексіз адалдықтың белгісі. Өмірде өзінен басқаға құлай берілмейтіндер достықта, жолдастықта, махаббатта қателеспеуі мүмкін, бірақ оның шын адал достарының аз екендігіне, тіпті жоқ та екендігіне сенімім кәміл» деген пікірлеріне қалай келіскенімді

десеңші! Соның бәрін де дер кезінде қағаз бетіне түсіре бергенде ғой – басқа үшін дүние болмағанмен өзіме көп пайдасын тигізер еді-ау, шіркін!» деп.

Ұлылық жасқа қарамайды. Асқақ ойлы ақынның қаршадай кезіндегі осы ойларының «Талант иелері уақытын өзін-өзі болашақ ұрпақ құрмет тұтатындай етіп пайдаланулары керек. Игілігіне ештеңе қалдырмасақ, ұрпақ біз жайлы не ойлай­ды?» деген Д. Дидроның пікірімен аста­сып жатқаны таңқалдырмай қоймайды. Төлеген өз ойын міндетті түрде құптауға тіпті де ұмтылмайды. Өйткені, ол ақиқатты жұрттың бәрі сырттай болмаса да іштей мойындайтынын жүрегімен сезеді. Төлегеннің «жұрт не десе о десін, мен адамға бір берілгенде құлай берілуді құптар ем. Менің ойымша құлай берілу, ессіз сүю – шексіз адалдықтың белгісі. Өмірде өзінен басқаға құлай берілмейтіндер достықта, жолдастықта, махаббатта қателеспеуі мүмкін, бірақ оның шын адал достарының аз екендігіне, тіпті жоқ та екендігіне сенімім кәміл» деген пікірлеріне қалай келіскенімді  өзім де білмей қаламын. Ұлы Пушкиннің бала кезіндегі өлеңдерінің ұстаздарынан асып түскені сияқты, бала күнгі Төлегеннің ойлы пікір-толғамдарының өзі де өлеңге бергісіз жырдай оқылады.

III

Қазақтың бар ақыны Төлегенге өлең арнады десем артық болмас.

Қолыма алсам – кітабың,

Күйдіріп тұрған секілді, - деп Төлегенге арнау өлең жазып еді, менің ел губернатор Төлеев туралы кітаптарымен жақсы білетін шардаралық досым Жұмабек Мұқанов. Ойсыз жуан кітаптан, ойлы жұқалтаң кітапшаның ауыр болатынын таланттылар өмірі бізге қанша рет дәлелдеді.

Ұзақ сапарға кеттің сен,

Келер ме ең бір күнге азат боп,

Сағынып жүрміз өзіңді,

Ойдағы, қырдағы қазақ боп – деп Ке­нимех ауданынан Бақтыбай

Жүнісов іздесе,

Құйын боп өткен бір,

Қыршын аға көкейімде көптен жүр,

Сұрасаңдар, оның аты – Төлеген,

Жүрегі оның – өшпейтұғын өр өлең! – деп семейлік Әбубәкір Қайранов жырлай­ды;

Сыңсыған сағыныштың пернелерін,

Тап басқан күйші-ғұмыр, зергер – өлім.

Қайтадан тәңірі мені жаратса егер,

Тағдырын Төлегеннің бер дер едім, - деп Атыраудан Светқали Нұржанов ақын рухы­мен сырласады;

Бір Бауыржан Жақыпов:

Жырыңды оқимыз да табынамыз,

«Төлеген, Төлеген!» деп біз де бүгін, - деп жүрекжарды сырын айтады, екінші Бауыржан Үсенов:

Айбергенов Төлеген кім дегенде,

Төбеңнен жай ұрғандай білмей қалдың, - деп тұрғыласына өкпе арта­ды. Бұл өлеңдердің бәрін жақсы деп ұнатқандықтан емес, жас толқынның ақынға деген адалдығы мен құштарлығын көріп қуанғандықтан саған жазып отыр­мын ғой. Жастардың өзіне дейінгі жаман шығарманы оқымаса да, жақсы жазушы-ақынды мойындап оқығаны дұрыс қой. Дегенмен, жүрекке - жақсы, көру, жек көру сезіміне келгенде – әмір жүрмейді.

 

(Жалғасы бар)

Мылтықбай ЕріМБЕТОВ,  

Жазушылар одағының мүшесі,

Ақын