Аққан жұлдыз – жарқын бейне – мақтан жұлдыз
2012 ж. 15 маусым
2178
0
«Ұлы дала қырандары» респуб-
ликалық қоғамдық мәдени-әлеу-
меттік қозғалысының (тең төрағалары елімізге белгілі меценат Марат Әскен ұлы Набиев пен белгілі көсемсөзші, Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы Сәдібек Түгел) өткен жылдың қазан айында алғашқы құрылтайы болды. Биылғы жылдың қаңтар айында бұл қозғалыс арнайы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бүгінде бұл қозғалыс қарқынды жұмыстар атқарып, жақсы істердің жаршысы, жақсы шаралардың ұйтқысы болуда.
Таяуда «Түгел» баспасөз клуб-
ында осы қоғалыстың ұйымдастыруымен «Ботай және Берел қорым-
дарында табылған құнды жәдігер-
лердің ұлттық рухты көтерудегі, ұлттық дала ойындарын дамытудағы маңызы» деген тақырыпта дөңгелек стол өткізілді. Пікірлер алмасылды. Әр облыста қозғалыстың филиалдары, оның төрағалары сайланды. Жақында Астанада тұңғыш рет тура жолмен 45 шақырымдық «Құлагер-Аламан» ат бәйгесі өтеді.
Оған еліміздің ең жүйрік тұлпарлары қатысады. Бұл шараны да осы қозғалыс ұйымдастырғалы отыр.
Қозғалыстың бастамасымен «Құлагер» ескерткішінің жанынан «Құла-
гер-Қазанат» атты мұражай құрылысы бой көтермек.
«Ұлы дала қырандары» қозғалы-
сының ұйымдастыруымен таяуда
өткен Астананың шаңырағы көтері-
ліп жатқан алғашқы жылдары
Елорда тынысын жарқырата көрсетіп, әлемге паш еткен дарынды журналистер Ақселеу Сейдімбеков, Дүкеш Бәйімбетов, Владимир Коченев, Рафаэль Жұмабаев, Жомарт Әбдіхалық, Талғат Ілімжан, Октябрь Әлібек, Шакизада
Құттаяқов, Алмас Жолтаев, Мадрид Рысбеков, Жұматай Сабыржановтарды еске алу кешіне халық көп жиналды. «Аққан жұлдыздар» деп аталатын шараның шымылдығын қозғалыстың тең төрағасы Сәдібек Түгел ашты. Мұнан кейін өмірден өткен журналистер жайлы деректі бейне фильм көрсетілді. Онда қарымды қалам иелерінің жақсы адами қасиеттері, атқарған қызмет жолдары сөз болды. Марқұмдар-
дың отбастарына соңғы қызмет іс-
теген мекемелерінің жауапты қыз-
меткерлері ақшалай, заттай сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қоз-
ғалысының атынан әзірленген сый-
лықтарды облыстардағы қозғалыстың төрағалары тапсырды.
– Бүгінгі шараның маңызы ерекше деп бағалаймын. Бұрын- соңды мұндай кештің өткенін ес-
тіген жоқпын. Сондықтан Жоғарғы
Соттың атынан ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамын. Бізде баспасөз қызметінің жетекшісі бол-
ған Шәкизада ағамыз жайлы көп айтуға болады. Ол кісі тазалығы-
мен, іскерлік қасиетімен ерекшеленді, – дей келіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұқарамен байланыс және баспасөз бөлімінің бастығы Оксана Петерс Алматыдан осы кешке арнайы келген ұлы Ертайға 100 мың теңге табыс етті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісі аппаратының жауапты қызметкерлері Серік Қаражан, Жігер Байтілес, Сәуле Досжан, «Хабар» агенттігі «Жаңалықтар» бағдарламасының продюсері Еркін Байғабыл, Алма-
тыдан келге «Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары Нұрперзент Домбай марқұмдардың жақсы қасиеттері жайлы лебіздерін білдірді.
Елордалық дарынды журналистерді еске алу кеші үлкен толғаныс, терең тебіреніс үстінде өтті. Асқақ адамгершіліктің, биік азаматтықтың көк байрағын жоғары көтеретін бір шара болды. Оған «Жастар» сарайының директоры Перизат Ақ-
селеу қызы бастатқан ұйымдастыру-шығармашылық бөлімінің қыз-
меткерлері Құралай Басыбекова,
Лилия Фокина, Гүлбағира Нартбаева, Әлия Шамкаировалар және
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия-ақпарат» орьалығының қызметкерлері елеулі үлес қосты.
Кеш бойы өнер жұлдыздары әннен шашу шашты. Бәрінің көкейінде осы бір жақсы іс жалғасын тапса деген сұрақ тұрды. Біздің де ойымыз сол.
Бейбітбек Әбдікәрімов,
«Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының мүшесі,
Журналист
Астана қаласы