Аққан жұлдыз – жарқын бейне – мақтан жұлдыз

0
1544

«Ұлы дала қырандары» рес­пуб­­-
ли­ка­лық қоғамдық мәдени-әлеу-
­­­мет­тік қозғалысының (тең төраға­лары елімізге белгілі меценат Марат Әскен ұлы Набиев пен белгілі көсемсөзші, Астана қаласының тұң­­ғыш баспасөз хатшысы Сәдібек Түгел) өткен жылдың қазан айын­да алғашқы құрылтайы болды. Биылғы жылдың қаңтар айын­да бұл қозғалыс арнайы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бүгінде бұл қозға­лыс қарқынды жұмыстар атқарып, жақсы істердің жаршысы, жақсы шаралардың ұйтқысы болуда.
Таяуда «Түгел» баспасөз клуб-
ын­да осы қоғалыстың ұйымдасты­руымен «Ботай және Берел қо­рым­-
дарында табылған құнды жәдігер­-
лер­дің ұлттық рухты көтерудегі, ұлттық дала ойындарын дамыту­дағы маңызы» деген тақырыпта дөңгелек стол өткізілді. Пікірлер алмасылды. Әр облыста қозғалыстың филиалдары, оның төрағалары сайланды. Жақында Астанада тұңғыш рет тура жолмен 45 шақырымдық «Құлагер-Аламан» ат бәйгесі өте­ді.
Оған еліміздің ең жүйрік тұлпар­лары қатысады. Бұл шараны да осы қозғалыс ұйымдастырғалы отыр.
Қозғалыстың бастамасымен «Құ­ла­гер» ескерткішінің жанынан «Құла­-
гер-Қазанат» атты мұражай құры­лы­сы бой көтермек.
«Ұлы дала қырандары» қозғалы­-
сының ұйымдастыруымен таяуда
өткен Астананың шаңырағы көтері­-
ліп жатқан алғашқы жылдары
Ел­­орда тынысын жарқырата көрсе­тіп, әлемге паш еткен дарынды журналистер Ақселеу Сейдім­бе­ков, Дүкеш Бәйімбетов, Владимир Коченев, Рафаэль Жұмабаев, Жомарт Әбдіхалық, Талғат Ілім­жан, Октябрь Әлібек, Шакизада
Құттаяқов, Алмас Жолтаев, Мад­рид Рысбеков, Жұматай Сабыр­жа­новтарды еске алу кешіне халық көп жиналды. «Аққан жұлдыздар» деп аталатын шараның шымылдығын қозғалыстың тең төрағасы Сәді­бек Түгел ашты. Мұнан кейін өмірден өткен журналистер жайлы деректі бейне фильм көрсетілді. Онда қарымды қалам иелерінің жақ­сы адами қасиеттері, атқарған қызмет жолдары сөз болды. Мар­құм­дар­-
дың отбастарына соңғы қызмет іс­-
теген мекемелерінің жауап­ты қыз­-
мет­керлері ақшалай, заттай сый­лық­тар табыс етті. Сондай-ақ «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қоз-
ғалы­сының атынан әзірленген сый­-
лықтарды облыстардағы қозғалыс­тың төрағалары тапсырды.
– Бүгінгі шараның маңызы ерек­ше деп бағалаймын. Бұрын- соңды мұндай кештің өткенін ес­-
ті­ген жоқпын. Сондықтан Жоғарғы
Соттың атынан ұйымдастырушы­ларға үлкен алғыс айтамын. Бізде баспасөз қызметінің жетекшісі бол­-
ған Шәкизада ағамыз жайлы көп айтуға болады. Ол кісі тазалы­ғы­-
мен, іскерлік қасиетімен ерекше­лен­­ді, – дей келіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұқарамен байланыс және баспасөз бөлімінің бастығы Оксана Петерс Алматыдан осы кешке арнайы келген ұлы Ертайға 100 мың теңге табыс етті.
Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Сенаты мен Мәжі­лі­сі ап­паратының жауапты қызметкер­лері Серік Қаражан, Жігер Байтілес, Сәуле Досжан, «Хабар» агенттігі «Жаңалықтар» бағдарламасының продюсері Еркін Байғабыл, Алма­-
тыдан келге «Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары Нұр­перзент Домбай марқұмдардың жақ­сы қасиеттері жайлы лебіздерін білдірді.
Елордалық дарынды журналис­терді еске алу кеші үлкен толғаныс, терең тебіреніс үстінде өтті. Ас­қақ адамгершіліктің, биік азаматтық­тың көк байрағын жоғары көтере­тін бір шара болды. Оған «Жас­тар» сарайының директоры Пери­зат Ақ­-
селеу қызы бастатқан ұйым­дас­ты­ру-шығармашылық бөлімінің қыз­-
­меткерлері Құралай Басыбекова,
Лилия Фокина, Гүлбағира Нартбаева, Әлия Шамкаировалар және
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еур­азия-ақ­парат» орьалығының қызметкер­лері елеулі үлес қосты.
Кеш бойы өнер жұлдыздары ән­нен шашу шашты. Бәрінің кө­кейінде осы бір жақсы іс жалғасын тапса деген сұрақ тұрды. Біздің де ойымыз сол.
Бейбітбек Әбдікәрімов,
«Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының мүшесі,
Журналист
Астана қаласы

 

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз