БАСТАПҚЫ
Редакция
Газет Тарихы
PDF НҰСҚАҒА ЖАЗЫЛУ
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯСАТ
СПОРТ
ҚОҒАМ
ДЕНСАУЛЫҚ
РУХАНИЯТ
ЗАҢ мен ТӘРТІП
ИНФОРМЛЕНТА
АЛАШ
ӘДЕБИЕТ
Видео
PDF АРХИВ
ЖАҢАЛЫҚТАР
ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ- МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕ
2012 ж. 07 мамыр
2013
0
Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы 3 мамырда «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Бұйрыққа қол қойды, – деп хабарлады ресми БАҚ.
«Отан қорғаушы күні – 2012 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 20 жыл толады. Бұл күн – қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды» дей келе, Мемлекет басшысы Қазақстан өз мемлекеттігін дамытудың 20 жылы ішінде әрдайым еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия кұруға ерекше көңіл бөлгенін айтады. Президент Қарулы Күштердің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында құрметті ардагерлерді, әскери қызметшілерді, сондай-ақ, барша қазақстандықтарды мемлекетіміздің тарихындағы осы айтулы күнмен құттықтады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметіне 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгілеуді көздейтін «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламентке өткізуді тапсырды.