Мәсімов елші, Дариға министр болды... Ал Алматыға әкім болып Қажыгелдин келеді...

*Жексембілік жаңалықтар

Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалысқа кеткенде жай кеткен жоқ...  Кеше Үкімет мүшелері мен әкімдерді шұғыл жинап алып, біраз өзгерістер жасап тастады... Ең алдымен айтарымыз, ел айтқандай, Кәрим Масимов елші болып кетті. Әрине, Қытайға... Оның орнына С.Ахметов жайғасады екен. Қайрат  Мәми қайтып Жоғары Сотқа барды.  Сенат төрағалығына  А.Есімов отырды. Б.Бекназаров Бас прокурор болды. А.Дауылбаев Ішкі істер министрі болып барды.  Президент әкімшілігі басшысы болып, Әлихан Байменов тағайындалды. Экономика және сауда министрі болып Азат Перуашев барды. «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасарлығына Нұртай Сабильянов сайланды. Еңбек министрі болып Дариға Назарбаева тағайындалды. Тағы бір жаңалық, вице-президенттік лауазым қайта енгізіліп, оған Иманғали Тасмағамбетов баратын болды. Алматы қаласы әкімінің  орыны  бос тұр. Оған А.Мусин немесе Қазақстанға қайта оралуға келісімге келген 60 жастағы Әкежан Қажыгелдин тағайындалатын болыпты. Сондай-ақ, Қарағанды облысына әкім болып... Болат Әбілов барады дейді... Әзірге жексембілік жаңалықтар осы...

                                                                                                        Өз тілшімізден