Төлегеннің жарияланбаған суреті

347

Төлеген Айбергенов (оң жақтан бірінші) Ташкент теледидарының қазақша берілетін  «Замандас» хабарында қонақта. Оның қасындағы – редактор Орынбасар Сәлімбаев, диктор Құрбанкүл Андасова және ақын Сұлтан Қалыбек

 

Мылтықбай мырзалық жасады...

 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мылтықбай Ерімбетов  А. С. Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық кітапханасына спорт журналисі Қынабай Аралбаев туралы «Сөзіміз Мылташ еді, Қынаш еді», оңтүстік өңірінің белгілі адамдары туралы естеліктерден құралған «Ойтолқын», ҚазМҰУ профессоры Асабай Мамытов жайлы «Отыз жаста генерал болған адам» атты жаңа шыққан кітаптарының 373 данасын тегін, қайтарымсыз сыйға берді. Кітапхананың бөлім меңгерушісі А. Арыстанова  және кітапханашылар  Г. Имамәді,  кітапханашы А. Құдайбергеновалар аталған кітаптарды сапалық тексеруден өткізіп, акт жасап, қол қойып қабылдап алды. Директор Н. Алтаеваның бұйрығымен облыс көлеміндегі және Шымкент қаласындағы кітапханалар толық қамтылып, тарату тізімі жасалды. Жаңа кітаптар, әсіресе, халық тығыз орналасқан, кітап қоры жұтаң Мақтаарал, Ордабасы, Түлкібас, Түркістан, Сарыағаш, Төлеби аудандарына көбірек жіберілді.

 Кітапханашылар қаламгерге алғыс айтты.

Нұржан Бижанов