Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын кәсіпорындар тізімі
2020 ж. 16 сәуір
1080
0
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік комиссия биылғы 20 сәуірден бастап қатаң санитарлық - эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімін бекітті.
Нұр-Сұлтан қаласында:
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
- көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
- автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;
- екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;
- қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.
Алматы қаласында:
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;
- нотариустер алдын ала жазылу бойынша;
- тек бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1).