Тілші қызды ұрғаны үшін әнші Бейбіт Қорғанның үстінен қылмыстық іс қозғалмақ…

0
1043

Концерттер арасындағы үзіліс кезінде Бейбіт Қорған қалалық «Ақ жайық» газетінің тілшісі Айнұр Сапароваға сұхбат берген. Тілшінің кейбір эстрада орындаушылары ауыратын «жұлдыз ауруы» туралы қойған соңғы сұрағы әншіге ұнамай қалып, ол диктофондағы жазбаны өшіруді талап еткен. Журналист сұхбатты газетке жарияламайтынын, бірақ жазбаны өшірмейтінін айтқан. Бұдан кейін журналист қыз бөлмелердің біріне 40 минутқа қамалып, денесіне жеңіл жарақаттар жасала отырып, одан диктофонды тартып алу әрекеттері жасалған.

Бұл оқиғаның басылым ұсынған нұсқасы. «Журналист қыз оқиға жайлы газеттің редакторына хабарлағаны ресми түрде мәлім болды. Оқиға орнына келген басылымның басшылығы полицияны шақырған. Сараптама белгіленді. Содан кейін кінәлілердің үстінен қылмыстық іс қозғау немесе әкімшілік жазаға тарту мәселесі шешілетін болады», -деп ақпараттандырды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысыГүлнәзира Мұхтарова.

«Біздің қызметкер сот-медициналық сараптамадан өтті. Дәрігерлер жеңіл дене жарақаттарын белгіледі. Енді біз тергеу амалдары немен аяқталатынын күтудеміз. Одан әрі, қайткенмен де істі сотқа дейін жеткіземіз», – деді «Ақ жайық» газеті бас редакторының орынбасары Виктория Ли.

Дереккөз: ҚазАқпарат

today.kz

*Тақырып өзгертілді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз