Қазақ қыздарының ең сұлуы кім екені анықталды

АСТАНА. 20 наурыз. BAQ.KZ – Ресейлік сайт ең әдемі қазақ қыздарының рейтингісін жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ресейлік Top-Antropos сайтының анықтауынша қазақтың ең әдемі қызы «Қазақстан аруы» байқауының 2007 жылғы жеңімпазы Альфина Насырова (суретте) көрінеді. Екінші орын белгілі продюсер, актриса Баян Есентаеваға бұйырыпты. Үшінші орынды «Қазақстан аруы-2009» байқауының жеңімпазы Сымбат Мадьярова иеленсе, төртінші, бесінші орындарға жас актрисалар Бибігүл Сүйінішәлина («Нереальная любовь») мен Әлия Телебарысова («Мың бала») ие болған. Альфина Насырова (суретте) Бұдан кейінгі орындарға ие болған арулар тізімі төмендегідей: 6-орын — «Қазақстан аруы-2011» Айнұр Төлеуова 7-орын — «Алматы аруы -2010» Салтанат Бекжігітова 8-орын — «ВИА Гра» тобының мүшесі, түп-негізі қазақстандық Альбина Жаңабаева 9-орын — әнші «Лидо» 10-орын— Скрипкашы Лана 11-орын — «Қазақстан аруы-2010» байқауында жүлдегер болған Жанар Нұрбаева 12-орын — Актриса Әсель Сағатова 13-орын — «Азиада аруы» Күміс Базарбаева 14-орын — Әнші Мәдина Садуақасова 15-орын — «Қостанай аруы-2009» Индира Сейтқазиева 16-орын — «Қазақстан полициясының аруы-2011» Қарлығаш Егімбаева 17-орын — Әнші Әсем Жәкетаева 18-орын — Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова  
Суретте: бесінші орын алған Әлия Телебарысова